Усть-Каменогорск
малооблачно
+20°
  • Усть-Каменогорск
    +20°
  • Алматы
    +22°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +6°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +18°
  • Караганда
    +12°
  • Кокшетау
    +1°
  • Костанай
    -2°
  • Кызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +8°
  • Шымкент
    +18°
$
487.37
532.94
¥
68.96
5.09
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскеменде жедел жәрдем көліктері жаңартылады

Облыс орталығындағы Жедел медициналық жәрдем станциясының қызметтік көліктер паркі ескіргендігі баршаға мәлім

Осы жылы өңірдің барлық аймақтарындағы медициналық автопарктар жаңартылған еді. Алайда, Өскемен қаласының жедел жәрдем көліктері әлі жаңартылмаған.

- Қалалық Жедел медициналық жәрдем станциясының қызметтік көліктер паркін жаңа, заманауи жабдықпен жарақтандыратын уақыт келді, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов кеңейтілген аппарат отырысында.

Өңір басшысының айтуынша, өткен жылы Шығыс Қазақстан облысының ауылдық жерлеріне 100 жаңа жедел жәрдем көліктері сатып алынғанымен, жаңа автопарк сынға ұшыраған.

- Неге заманауи жедел жәрдем көліктерін емес, қайтадан ескі үлгідегі ресейлік көліктерді, яғни «таблеткаларды» сатып алған деген сынды, - дейді өңір басшысы. - Бірақ сыншылар біздің өңірдің кейбір аудандарында, мысалы Катонқарағайда қыркүйек айында алғашқы қардың түсіп қалатындығын ескермейді. Біздің жолдардың бес мың шақырымы топырақ жолдар. Ал олармен тек «таблеткалар» ғана жүріп өтеді.

Сондай-ақ, облыс орталығындағы жағдай өзгеше деп атап өтті облыс әкімі. Қалалық авторпаркке заманауи импорттық жедел жәрдем көліктерін сатып алуға болады. Сонымен қатар басшылық станциядағы көлік тұрақтарын жөндеуден өткізбек. Аталған мақсаттарға осы жылы бюджеттен қаржы бөлінбек.

Аяулым Төлеубекқызы
Следующая →