Елбасының үндеуі халық талқысында
25 қаңтарда республикалық телеарналардың эфирінен Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы үндеуі берілді
Ол биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлуге байланысты болды. Мемлекет басшысының айтуынша, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн. Президенттің пікірінше, Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлін күшейтіп, Парламент сайлауында жеңген партия үкімет құрамын анықтауда түбегейлі ықпал ететін болады, бұл Министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырып, тиісінше биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақылауын күшейтетін болады.
Еске алсақ, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында мемлекет басшысы: «биліктің басым құзыретін үкіметке тапсыру керек. Біз осыған ойысамыз. Көп құзыретті Президентпен байланыстырудың қажеті жоқ, бірте-бірте осыған үйренуіміз керек», - деген еді.
"Сонымен қатар, президентіміз, үкімет және парламент арасында өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарастыратын кез келді. Арнайы комиссия бұл сұрақтарды мұқият зерттеп, тиісті заңдарға, бәлкім Конституцияға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жасайды", - деп қорытындылаған еді өз сөзін.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау туралы № 141 өкімі негізінде аталған Заң жобасы 2017 жылдың 26 қаңтар- 26 ақпаны аралығында бүкілхалықтық талқылауға шығарылды.
Президентіміздің бұл билік тармақтары өкілеттіктерін қайта бөлуге қатысты үндеуі Қазақстанды жарқын болашаққа бастайды. Өйткені бұдан былай министрлер мен депутаттарға үлкен жауапкершілік артылады. Президент осылайша, елдің одан әрі өсіп-өркендеуіне жол ашпақ. Бұл дер кезінде қабылданған дұрыс шешім деп ойлаймын.
Следующая →

Өскемен қалалық
Әділет басқармасының бас маманы
Салтанат Оралбаева