Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Онкодиспансердің басшысы өз еркімен жұмыстан кетті

Аймақ басшысынан талай сын естіген онкологиялық аурухананың бас дәрігері жұмыстан кетті

Естеріңізге сала кетсек, облыс басшысы Даниал Ахметов онкологиядық диспансердің бас дәрігері Жомарт Кенжалинді ауруханадағы жөндеу жұмыстарын бастауға арналған құжаттарды ұзақ дайындап, жөндеу жұмыстарын кеш бастағаны үшін талай сынға алды. Өйткені жөндеу жұмыстарына қажетті 150 млн теңге бюджет бөлініп қойғанына біраз уақыт өткен.

- Қаражат бөлінгенімен қандай да бір мемлекеттік үрдістер жүрмей жатыр екен. Бұл бас дәрігердің өз жұмысына немқұрайлы қарауы. Облыстық қоғамдық кеңеске бұл жағдайды қарап, Денсаулық сақтау басқармасына оның лауазымына лайықты немесе лайықты еместігі туралы хат жазындар, - деп тапсырған болатын аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Қоғамдық кеңес отырысында бас дәрігер жөндеу жұмыстарының кешуігуіне нақты әсер еткен себептерді атай алмағандықтан кеңес мүшелері оны тәртіптік жазаға тартуды ұсынды. Біраз уақыт өте бас дәрігер өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш жазады.

- Мен жұмыстан шықтым, - деді біздің тілшіліеріміздің шалған қоңырауына Жомарт Кенжалин.

Денсаулық сақтау басқармасында ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы 2-бөлімінің 24-тармақшасына сәйкес бұл құпия ақпарат екенін хабарлады. Сонымен қатар, 2016 жылы бөлінген қаражаттар иегіріліп, жоспарланған жөндеу жұмыстары жасалғанын, қалған қаражат пен жұмыстар 2017 жылы жүзеге асырылатынын айтты.

Қазіргі уақытта ғимараттың терезелері пластикке алмастылып, қабырғалары сылануда. Жөндеу жұмыстары шамамен жарты жылға созылуы мүмкін.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінде Жомарт Кенжалин өз еркімен жұмыстан шығып, қазіргі уақытта Серікбаева көшесіндегі медициналық мекемеде хирург ретінде қызмет етуде екенін атап өтті. Ал бас дәрігердің міндетін атқарушы ретінде әзірге бас дәрігердің орынбасары Арман Мұқажанов жүр.

Ақерке Ақылбекқызы
Следующая →