Telegram

Мұғалімдердің еңбекақысы өседі

Сәуірдің басында елдің қаржы министрлігі 2018 жылға арналған қазына қаржысын бекітіп, шығындарын есептеді
06 апреля 2018 года, 16:17 1097
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Мұғалімдердің еңбекақысы өседі
Источник: © Алдаспан Фото: © редакция мұрағаты
Ал бұл бекітілген бюджеттің ішінде мұғалімдердің жалақысын көбейтуге жұмсалатын қаржы да енгізілген. 

Биылғы бюджет қаржысы Елбасы Жолдауында айтылған бағыттар бойынша жұмсалмақ. Ал жолдауда көрсетілген басым бағыттардың бірі -  мұғалімдердің жалақысын көбейту. Мемлекет басшысы қаңтарда жасаған Жолдауында білікті ұстаздардың жалақысын өсіруге ниетті екендігін жеткізген еді. 
- Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға көбейтуді тапсырамын. Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек. Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 пайыздан 50 пайызға дейін өседі. Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет, - деп атап өткен еді Елбасы.
Соған орай, қаржы министрлігі биыл білікті мұғалімдердің еңбекақысы 30-50 пайыз аралығында өсетіндігін айтады. Яғни, кей мұғалімдердің еңбекақысы екі есеге дейін өсуі мүмкін. 
- ҚР Қаржы министрлігінің бюджетті жоспарлау департаменті директорының орынбасары Олжас Бейсембаев биылғы бюджет қаржысының мұғалімдердің жалақысын 30-50 пайыз аралығында көбейтуге, үйде мүгедек балаға күтім жасап отырған тұрғынға жәрдемақы төлеуге, ауылшаруашылық саласын дамытуға, аграр мамандар дайындауға, ауылдарды ауыз сумен қамтуға  жұмсалатындығын айтты, - делінген ҚР Қаржы министрлігі таратқан ақпаратта.
Одан бөлек, биылғы бюджет қаржысы білім сапасын көтеру мен студент жастарға жатақхана салуға, бөлінетін гранттардың санын арттыруға жұмсалмақ. Ал жоғарыда аталған бастамалардың барлығына 9 трлн теңгеден аса қаржы жаратылмақ. 

Загрузка...

Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live