Усть-Каменогорск
ясно
+6°
  • Усть-Каменогорск
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +4°
  • Актобе
    +4°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +6°
  • Караганда
    +5°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +5°
  • Кызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Облыста 534,5 млн теңге заңдастырылды

Мүлік пен ақшаны жария ету шарасы басталғалы облыста банк шотына аударым жасау арқылы 534,5 млн теңге заңдастырылған

Новости Казахстана / Экономика в Казахстане / Облыста 534,5 млн теңге заңдастырылды
Фото:
www.time.kz
Ағымдағы жылдың 25 мамырына дейін жергілікті атқару органдарына мүлікті заңдастыруға қатысты жалпы сомасы 11 млрд 418 млн теңгені құрайтын 2326 өтініш түскен. Оның ішінде 1009-ы тұрғын нысандары, ал 1667-сі тұрғын нысандарына жатпайды. Сонымен қатар 309 коммерциялық нысандар бар. Ал 540 өтініш заңдастыру талаптарына сай болмағандықтан қайтарылды.

- Коммерциялық нысандар қатарында тек мейрамхана, дәмхана, автожуу орындары ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік сала нысандары да бар, - дейді ШҚО МКД мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Бауыржан Қамбаров. - Мәселен, Зайсан қаласында балабақша, Шемонаихада «Уба» мәдени-сауықтыру орны, Зырянда көкөніс қоймасы мен кәсіби-техникалық мектептің оқу ғимараты, ал Жарма ауданында жеке медициналық мекеме заңдастырылған.

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, бүгінгі таңда мемлекет тарапынан жасалған мүмкіндікті пайдалана отырып, аталған нысандар өз қызметін жүзеге асырып отыр. Одан өзге 392 адам жұмыспен қамтылып, мүлік және жер салығы бойынша 9 млн теңгені құрады. Осылайша заңдастырылған нысандар еліміздің экономикалық жағдайына да өз үлестерін қосып отыр.

- Жария етілген мүлік және оны жария еткен тұлға туралы мәліметтер құпия сақталады, - деді басқарма басшысы. - Мүлікті заңдастырған тұлғалар өздерінің заңдастырған мүліктері және табыстары бойынша әкімшілік және құқықтық жауапкершіліктен босатылады.

Ерке Мұхаметкәрім
Следующая →