/ Новости Казахстана

Қариялар жеңілдіктен айырыла ма?

Қаладағы бірнеше автобуста 4 қарашадан бастап 70-тен асқан азаматтарға қоғамдық көлікте жасалатын жеңілдіктің алынатындығы туралы хабарлама тараған
03 ноября 2016 года, 10:03 309
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Қариялар жеңілдіктен айырыла ма?
Источник: © Алдасан Фото: © В. Ливериновтікі

Демек, енді қариялар 40 теңгенің орнына 75 теңге төлейтін болады. Бұл зейнеткерлер үшін ауыр тиетіні айтпаса да белгілі.


Тасымалдаушылардың сөзіне сүйенсек, жолаушыларды тасымалдау шығындарын көтере алмайтындықтарын жеткізген. Ал жергілікті билік тариф бағасын көтеру туралы сұранымдарын осымен төртінші ай қатарынан қарастырып келеді.


- Нарықта барлығы қымбаттап жатқанымен, тарифті көтеруге рұқсат етпей жатыр, - дейді «Voska» ЖСШ автопаркінің директоры Қанат Қалелов. – Заң бойынша барлық автопарктер берген тарифті көтеру туралы сұранымды әкімшіліктегілер 10 күннің ішінде қарауға міндетті. Бірақ төрт ай өтіп кетті. Мен қазір шығынға батып жатырмын. Қазірден бастап тиісті шаралар қолдана бастамасам, ертеңгі күні жолаушыларды тасымалдай алмай қаламын.


Алайда, «РОСТ» ЖШС директоры Евгений Клеин жеңілдікті алып тастау туралы әзірге ештеңе айта алмайтындығын жеткізді. Демек, жеңілдікке қатысты мәселе әр тасымалдаушының қаржылық жағдайына байланысты болуы мүмкін.


Осы мәселеге байланысты Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына хат жолдаған едік, әзірге жауабын күтудеміз.


Назерке Кәрімова


Обсуждение

При размещении комментариев к публикациям, ознакомтесь пожалуйста, с правилами сайта.
Мы напоминаем вам о необходимости уважать собеседников.
наверх