Жаңа оқу жылы жаңа оқулықтармен басталады
Орыс тілді мектептерде қазақ тілі пәнінің және қазақ тілді мектептердегі орыс тілі пәні бойынша жаңа оқулықтар енгізілетін болады
Фото:
редакция мұрағатынан
- Орыс тілді мектептерде Фаузия Оразбаеваның авторлығымен жазылған бірінші деңгейлі қазақ тілі оқулығы қолданылатын болады. Жуырда бұл авторды бекітуге қатысты барлық құжаттар министр қол қояды және біз жаңа қазақ тілі кітаптарын сатып алуды бастаймыз, - деді ШҚО Білім басқармасының басшысы Айжан Садыкова.
Жаңа оқулықтың көмегімен оқушылар халықаралық стандартарға сай деңгейлі түрде оқытылатын болады. Ад қазақ мектептерінде орыс тілі пәнін оқыту мақсатында Мәскеулік педагогикалық унивеситетінің профессоры Елизавета Хамраеваның оқулықтарымен оқытылады.
- Елизавета Хамраеваның авторлығымен шығарылған кітаптар Қазақстанның талаптарына бейімделмеген. Бірақ біз оның оқыту әдістерін қазіргі уақытта біздің мектептерде бар оқулықтармен қатар пайдаланып оқытатын боламыз, - деп атап өтті Айжан Ерханқызы. – Кітаптің авторы қаңтар-желтоқсан айларында 1,2-сыныптарға арналған орыс тілі пәні біздің елге қарай бейімдетіліп қойса, онда келер жылы біз бұл оқулықтарды да сатып алатын боламыз.
8 маусымда облысымыздың 8 мұғалімі Ресей еліне барып, мәскеулік профессормен кездесіп, оның оқыту әдістерімен танысып қайтты.
- Бүгінгі таңда біз орыс тілін деңгейлі түрде оқытуға арналған арнайы тестерді әзірледік. Сондай-ақ, ұстаздардың жұмысын жеңілдетіп, олардың жұмысын халықаралық стандарттарға сай етіп үйлестіруге арналған арнайы көмекші дәптерді де шығарып қойдық, - деді Айжан Садыкова.
Осылайша, облыстық Білім басқармасы облысымыздағы барлық мектептерде екінші тілді бір стандарт бойынша үйретуді көздеп отыр.
- Ағылшын тілі де мектептерде деңгейлі түрде оқытылып, деңгейлі түрде тестілеулер алынатын болады. Оқушылардың білім деңгейін сараптау да әр тоқсан сайын жүргізіліп отырады, - деп атап өтті ШҚО Білім басқармасының басшысы.
Деңгейлік тесттерді оқушылардан бөлек пән мұғалімдердің өздері де тапсыратын болады.
Ақерке Рағызбаева
Следующая →