Усть-Каменогорск
ясно
+6°
  • Усть-Каменогорск
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +4°
  • Актобе
    +4°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +6°
  • Караганда
    +5°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +5°
  • Кызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жас өнертапқыштар қоқыс жинайтын робот ойлап тапты

Қазақстандық жас өнертапқыштар жаңа құлтемірді лего құрастырғыштарының тетіктерінен жасалған

Новости Казахстана / Жас өнертапқыштар қоқыс жинайтын робот ойлап тапты
Фото:
letgodt.ru

Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының еңбегі халықаралық бәйгеде үздік деп танылды. Робот құрастыруда физика, математика, химия, биология пәндерінің берері мол, деп хабарлайды «24.kz».

Тыңнан түрен салған таланттар үшін төзімділік қажет. Өйткені, бір роботты құрастыру барысында миллиондаған майда лего құрастырғыштармен жұмыс істеу қажет.

Болашақта бар қызметті құлтемірлер атқарады. Жас өнертапқыш Санжар Асықбаев бұған сенімді. Сондықтан робот техникасын дамытуды осы бастан қолға алу керек деп санайды. Өзі достарымен бірігіп, қала көшелерінде қоқыс жинайтын машинаны ойлап тапты. Жанармайды қажет етпейтін экологиялық таза құрылғы бір айдың ішінде құрастырылған.

Санжар Асықбаев, Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы:

- Бұл Трэвиш» деп аталады. Оның басты мақсаты – қаладағы қоқыс мөлшерін азайту. Күн батареясын қолдану арқылы өзінің энергия қорларын қайтадан жаңарта алады.

Демек, жақын жылдары елордада қоқыс жинап жүрген робот көрсеңіз, таң қалмаңыз. Бұл – жас өнертапқыштарымыздың жетістігі.

Санжар Асықбаев, Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы: - Механикалық роботтармен қатар, зияткер роботтар жасауға мүмкіндігіміз бар. Олар адамдарға нақты жауап беріп, түрлі жолдардан өзі өте беретін болады.

Робот құрастыруда әлем бойынша Жапонияға тең келетін ел жоқ. Дегенмен отандық өнертапқыштар да ешкімге есе жібермек емес. Балалар саланы дамытуға мүмкіндік бар деп отыр. Ол үшін қажырлы еңбек ету керек. Санжар бастаған команда өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Олардың жұмысы жақында ғана халықаралық байқауда үздік танылды. Шарада Ресей мен Сербияның жас өнертапқыштары да бақ сынаған болатын.

 

Следующая →