/ Новости Казахстана

Пәтер иелері кооперативі қатаң бақылауға алынады

Жөн-жосықсыз ақша жинайтын пәтер иелері кооперативі миллиондарды қайда, қалай жұмсағаны жөнінде есеп беруге міндеттеледі
10 апреля 2016 года, 10:58 1557
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Пәтер иелері кооперативі қатаң бақылауға алынады
Источник: © ktk.kz Фото: © popsa.tk

Ауқымды реформа «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты».

Яғни, жақында «электронды шанырақ» деп аталатын сайт іске қосылады. Онда әр үйдің бақылаушы компаниялары атқарған жұмыстарын жариялап отыруы тиіс. Тұрғындар да пәтер иелері кооперативіне интернет арқылы шағымданып, қанша ақша өткізгенін жаза алады. Қысқасы, кооператив басшылары жұрттан жиналған теңгелерді қайда жаратқанын тізіп беруі керек. Есеп-қисапты тұрғын үй инспекциясының қатаң бақылауында болады. Егер кооперативтер жұмысын шала-шарпы істейтіні анықталса, жауапқа тартылады. Айтпақшы, кооператив жетекшілерін сабасына түсіретін сайт арқылы барлық коммуналдық ақыны да онлайн төлеуге мүмкіндік жасалған.

Сергей Шәйжүнісов, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасы:

-Сайт әлі жасалып жатыр. Әзірге пилоттық жоба ретінде жақында Астанада іске қосып көреміз. Егер тиімді жұмыс істесе, барлық қалаларға да қол жетімді болады.


Обсуждение

При размещении комментариев к публикациям, ознакомтесь пожалуйста, с правилами сайта.
Мы напоминаем вам о необходимости уважать собеседников.

Новости по теме

наверх