Усть-Каменогорск
ясно
+6°
  • Усть-Каменогорск
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +4°
  • Актобе
    +4°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +6°
  • Караганда
    +5°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +5°
  • Кызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Әндi сүйсең, менше сүй!

Қазақстандағы ірі тележобалардың бірі  X-Factor шоуының жетінші маусымында өнер көрсеткен  "IN CORO" квартеті Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиеваның жетекшілігімен финалға дейін жетіп, Шығыс Қазақстанның мәртебесін асқақтата түсті

Айта кетейік, бүгінде Шығысқа ғана емес, бүкіл елге танылып, өз тыңдармандарын тауып үлгерген классикалық үлгідегі "In coro" квартеті талай таланттың томағасын сыпырып, ұл-қыздардың бағын ашқан білім ордаларының бірі Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің студенттері. Өнер ордасы бүгінде қазақ халқының өнер саласына айтарлықтай үлес қосып, жас буындардың өсіп-жетілуіне септігін тигізіп келе жатыр. Осы орайда, республикалық, халықаралық ән байқауларының жүлдегері, "In coro" тобының жетекшісі, хормен дирижерлау бөлімінің оқытушысы Асель Темірова мен "In coro" тобының солисі Әділ Әлімқановпен сұхбаттасқан едік.


Топ қашан және қандай мақсатта құрылды? Жалпы, "In coro" сөзі қандай мағына білдіреді?

Асель: - "In coro" сөзі - италиян тілінен аударғанда "хормен айту" деген мағынаны білдіреді. Топ менің идеяммен 2012 жылы құрылды, классикалық үлгіде ән айтады. Алғашында топ училище ішінде өзіміз үшін, тәжірибелік бағытта құрылған болатын. Кейін концерттерге шақырылып, Республика көлемінде гастрольдік сапарларға шыға бастадық. Өзімізді сынау мақсатында байқауларға қатыстық. Бүгінгі таңда тобымыз дамып, тыңдармандары артып келеді.


Бүгінгі күнге дейін қандай жетістіктерге жеттіңіздер?

Асель: - Біздің алғашқы ірі жетістігіміздің бірі - 2015 жылы Ресейдің Кемеров қаласында өткен байқау. Мұнда 1-орын және "Ең үздік орындаушы" номинациясын жеңіп алдық. Сол жылы қала әкімі сыйлығының "Үздік шығармашылық ұжым" номинациясының жеңімпазы болдық. Бұдан кейін, 2017 жылы республикалық "Жас қанат" байқауына қатысып, жүлделі үшінші орынды иелендік.


Топтың құрамы жиі өзгереді. Себебі неде?

Асель: - Бүгінгі күнге дейін топ құрамы бірнеше рет өзгерді. Оның себебі студенттеріміз училищені аяқтап, ары қарай Алматы, Астана қалаларына білімін жалғастыруға немесе өнерін шыңдауға аттанады. Біз оларды, әрине, ұстай алмаймыз. Олар дамып, кәсіби тұрғыда жетілуі керек. Заман қазір соны талап етеді. Ал топтың бүгінгі құрамы "X-Factor" байқауының финалистері Еркебұлан Қуанбек, Мақсат Берікбай, Әділ Әлімқанов, және Әлішер Төлеужан. Әлішер мен Әділ бұрынғы құрамнан келе жатса, Мақсат пен Еркебұлан топ құрамына былтыр ғана қабылданды. Әрқайсысы өзіндік ерекше дауысқа ие, талантты балалар.


Топ құрамында өнер көрсету үшін солистер қандай талаптарға сай болулары керек?

Асель: - Топқа қабылдау үшін біз ешқандай кастинг немесе байқау өткізген жоқпыз. Тек студенттерді ұзақ уақыт сырттай бақылап, оның дауысына, әнді түсіну деңгейіне назар аудара отырып таңдап аламыз. Топ құрамы түгелімен біздің училищенің студенттері. Әрқашан солай болады. Олардың өсіп жетілуіне, дамуына тек мен ғана емес барлық училище мұғалімдері үлестерін қосуда. Студенттердің кәсіби тұрғыда жетілуіне, теориялық жағынан қалыптасуына көмектесеміз.


Қазір топ құрамында өнер көрсетіп жүрген жігіттердің әрқайсысының өз міндеттері мен ерекшеліктері бар шығар...

Әділ: - Біздің топ төрт адамнан тұратындықтан әрқайсымыздың музыкалық біліміміз, әрбіріміздің өз ерекшелігіміз бар. Мысалы, Еркебұлан терең тембрмен баурап алса, Мақсаттың даусы өзіндік ерекше. Ал Әлішерде харизма бар.


Негізгі тыңдармандарыңыз кімдер деп ойлайсыздар?

Әділ: - Осы сұрақ бізге жиі қойылады. Басында біздің тыңдармандарымыз үлкен кісілер болды. Себебі, үлкен кісілердің жастық шақтарындағы әндерін көбірек орындаймыз. Бірақ қазір, "X Factor" байқауынан кейін тыңдармандарымыз көбейді. Қазір бізді жас қыздар тыңдайды. Ал шынында біздің тыңдармандар өте талғамы жоғары адамдар. Себебі классикалық әуен жанынды керемет күйге бөлейді, көп ойланасың, өзінді сабырға келтіресің. Жалпы түсінген адамға өте терең мағына береді.


"X-Factor" байқауына қатысудағы мақсат қандай?

Әділ: - Біз "X-Factor" байқауына ең бірінші өзімізді сынау мақсатында барған болатынбыз. Ақырында гранд финалға дейін жетіп, көрерменнің көзайымына айналдық. Кәсіби тұрғыда өстік. Өкінішке орай, ақырғы сайыста екі пайыз ғана балл жетпей қалып, қарсыласымызға жол бердік.


Топ демеушілері бар ма?

Асель: - Біздің демеушіміз жоқ. Барлық қаржылай шығындарды студенттердің ата-аналары қамтамасыз етеді. Дегенмен, бізге моральдық тұрғыдан демеу көрсетіп келе жатқан оқу орынның әкімшілігіне, ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің директоры Альмира Оралбекқызына алғысымызды білдіреміз.


Қорларыңызда қанша ән бар?

Әділ: - Негізінде біз каверлік версияда құрылған болатынбыз. Қорымызда 30-40 ән бар. Алдағы уақытта авторлық ән жазу жоспарымызда бар.


Әншінің бойында қандай қасиет болуы керек?

Әділ: - Әншіде ең алдымен шыдамдылық пен еңбекқорлық болуы керек деп ойлаймыз. Ал талант Алладан беріледі. Шыдамдылық бұл өнер жолындағы қиындықтарға төзудің нәтижесінде пайда болады. Еңбекқорлық болмаса, біздің өсіп, жетілуіміз қиынға соқпақ.


Алдағы жоспарларыңызбен бөлісе отырсаңыздар...

Асель: - Мен жақын уақытта вокалдық студия құруды жоспарлап отырмын. Осы "In coro" тобының жігіттері сияқты кішкентай балаларды жастайынан тәрбиелеп, жоғары деңгейге шығарғым келеді.


Ал "In coro" тобының солистерінің алға қойған жоспары қандай?

Әділ: - Біздің алдағы жоспарымыз - әндерімізді жинақтау, авторлық ән шығару, өз стилімізді қалыптастыру. Бұдан бөлек, алдағы уақытта бейнебаянымыз жарыққа шығатын болады. Байқауларға қатысу да жоспарда жоқ емес.

P.S: Осындай ел мерейін асқақтатар, өнерлі де, білімді жастарымыз көп болсын деген ниетпен "In coro" тобына шығармашылық табыстар тілейміз. Тыңдармандары артып, өнер мен өмірде жетістіктерге жете беріңіздер демекпіз!

Следующая →