Усть-Каменогорск
малооблачно
+8°
  • Усть-Каменогорск
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +11°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +11°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Облыста бала еңбегін заңсыз пайдаланған кәсіпкерлер бар

Жыл сайын облыс аумағында маусым айының басынан бастап он екі күнге созылған бала еңбегін заңсыз пайдалануды анықтау үшін тексеріс жүргізетіні белгілі

Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, биыл жұмыс берушілердің тарапынан ешқандай заңбұзушылық табыла қоймаған. Есесіне, облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының инспекторлары он сегіз жасқа толмаған жасөспірімдерді еңбек келісімшартынсыз жұмысқа тартқан екі кәсіпкерді анықтаған.

- Кәсіпкер кәмелеттік жасқа толмаған жаспөспірімді жұмысқа алып, еш құжат не келісімшарт жасамаған. Тексеру қорытындысы бойынша жұмыс берушілерге заңбұзушылықты жоюға нұсқама беріліп, айыппұл салынды. Елдің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша кәсіпкер кәмелетке толмаған жасөспірімдерді еңбек шартынсыз жұмысқа тартса, оған 190 мың мен 500 мың теңгенің аралығында айыппұл салынады, - дейді инспекция басшысының орынбасары Қайрат Абылқайыров.

Былтырғы тексеріс нәтижесінде бір кәсіпкердің бала еңбегін заңсыз пайдаланғаны анықталса, алдыңғы жылы мұндай ешқандай факті тіркеле қоймаған.

Әкімшілік кодекс бойынша 14-16 жастағы балалар аптасына 24 сағат қана еңбек етуі тиіс, ал 16-18 жастағы жасөспірімдер 36 сағат жұмыс жасайды.

Следующая →