Облыста бала еңбегін заңсыз пайдаланған кәсіпкерлер бар
Жыл сайын облыс аумағында маусым айының басынан бастап он екі күнге созылған бала еңбегін заңсыз пайдалануды анықтау үшін тексеріс жүргізетіні белгілі Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, биыл жұмыс берушілердің тарапынан ешқандай заңбұзушылық табыла қоймаған. Есесіне, облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының инспекторлары он сегіз жасқа толмаған жасөспірімдерді еңбек келісімшартынсыз жұмысқа тартқан екі кәсіпкерді анықтаған. - Кәсіпкер кәмелеттік жасқа толмаған жаспөспірімді жұмысқа...