Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-да менингит инфекциясы тіркелген

Алматыда бұл дерттің ауыр түрі белең ала бастады. Ал ШҚО-да менингококк инфекциясын жұқтыру бойынша 4 жағдай тіркелген

Қатерлі дертке шалдыққандар - 7 жасқа дейінгі балалар. Оның біреуі мектеп оқушысы болып шықты. 
- Жыл басынан бері 3 жағдай Семей қаласында және 1-еуі Зырян қаласында тіркелді. Бүгінде барлық науқас қажетті емдік шараларды қабылдап, дертінен айыққан. Бұл қалыпты жағдай. Дүрлігуге негіз жоқ, - деп мәлімдеді Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Гүлайым Тағаева.
Менингококк жұқпасы –  ми қабығының қабынуымен (менингит),  өзінің асқынуларымен қауіпті бактериалдық жұқпалы ауру. Жұқпаның  қоздырғыштары - менингококк бактериялары, олар  ауа тамшылары  арқылы - сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде беріледі. 
- Аурудың алғашқы белгілеріне ерекше  көңіл бөліңіздер. Дене қызуы кенеттен 38-40 градусқа дейін  көтеріледі. Тамақтың қызаруы, мұрынның бітелуі болып, әлсіздік бой алдырады. Денеде жұлдызша тәрізді бөртпелер пайда  болады, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс инфекционисі Назигүл Сапарғалиева.
Өскемен және Семей қалаларының тұрғындары №2 емханалардың негізінде менингитке қарсы екпе ала алады. Қажет болған жағдайда, вакцина облыстың басқа аудандарына жеткізіледі. Ауруға қарсы екпе алу үшін шығысқазақстандықтар 21 мың теңге төлеуі тиіс. Ал республикада бұл екпе бағасы 30-35 мың теңгеге дейін жетеді. 
- Бұл екпенің түрі ҚР Ұлттық күнтізбесіне, жоспарына енгізілмегендіктен тегін және жоспарлы түрде салынбайды, - дейді мамандар.
Елімізде менингит бойынша екпенің орташа бағасы 22 мың теңге тұрады. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов екпенің қымбаттамауын өз қадағалауында ұстайтындығын жеткізген болатын. 

Айта ктейік, биыл Қазақстанда менингит инфекциясымен 58 науқас тіркелді. Ал жыл басынан бері осы дерттен 12 адам көз жұмған.
Следующая →