Усть-Каменогорск
облачно
-1°
  • Усть-Каменогорск
    -1°
  • Семей
    -1°
  • Алматы
    +2°
  • Риддер
    -3°
  • Астана
    -4°
  • Актобе
    +1°
  • Актау
    +9°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +8°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +9°
  • Уральск
    -1°
  • Шымкент
    +8°
$
493.36
-6.47
572.84
-8.66
¥
71.59
-0.88
6.29
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Оқушылар мектепке 5 жастан қабылданады

Мектепке қабылдау ережесіне өзгерістер енгізілді. 2018 жылы бірінші сыныпқа осы жылғы күнтізбеге орай алты жасқа толатын, жеті жастағы балалар барады

Үлгі ережеге сәйкес, жалпы білім беретін мектептерге баланы 7 жастан  бастап қабылдайтын. Ал жаңа ережелер ағымдағы күнтізбелік жылда 6 жасқа толмаған балаларды мектепке қабылдауға мүмкіндік беріп отыр. Жас мөлшері мен алдын ала дайындық деңгейі ескерілмейді. Бастысы, қарым-қабілетіне қарай бірінші сыныпқа қабылданады.
- Яғни, қыркүйек пен желтоқсан айында туылған балалар да бұл оқу жылында 1-сыныпқа бара алады. Өйткені күнтізбелік жылдың аяғына дейін алты жасқа толады, - дейді ШҚО Білім басқармасының мамандары. 
Аталған заңнама ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы шешімі бойынша өзгертілген. Сондай-ақ, ата-аналардың өздері де білім беру ұйымын таңдауға толықтай құқылы. Ал егер сәйкес мектеп оқытудан бас тартып жатқан жағдайда, тиісті білім беру мекемелеріне шағымдана алады.
- Кейбір балалар өте қабілетті болады. Бес жасқа дейін де олар оқу-жазуды үйреніп алады. Сондықтан ол балаларды 7 жасқа дейін ұстап отыру тиімсіз. Алты жастан да, жеті жастан да, әр баланың қабілетіне қарай мектепке бере берсе деген пікірдемін, – дейді ата-ана Гүлжан Қабдуалиева.
ШҚО Білім басқармасының мәліметінше, құжаттар 1 маусымнан 30 тамызға дейін қабылданады. Сондай-ақ, мектепке қабылдау құжаттары тізімінен тұрғылықты жері туралы анықтама алынып тасталмақ.
Следующая →
Только самое важное в нашем Telegram-канале
Темы: ҚР Мектеп 5 жас 1-сынып