Оқушылар мектепке 5 жастан қабылданады
Мектепке қабылдау ережесіне өзгерістер енгізілді. 2018 жылы бірінші сыныпқа осы жылғы күнтізбеге орай алты жасқа толатын, жеті жастағы балалар барады
Үлгі ережеге сәйкес, жалпы білім беретін мектептерге баланы 7 жастан бастап қабылдайтын. Ал жаңа ережелер ағымдағы күнтізбелік жылда 6 жасқа толмаған балаларды мектепке қабылдауға мүмкіндік беріп отыр. Жас мөлшері мен алдын ала дайындық деңгейі ескерілмейді. Бастысы, қарым-қабілетіне қарай бірінші сыныпқа қабылданады.
Следующая →
- Яғни, қыркүйек пен желтоқсан айында туылған балалар да бұл оқу жылында 1-сыныпқа бара алады. Өйткені күнтізбелік жылдың аяғына дейін алты жасқа толады, - дейді ШҚО Білім басқармасының мамандары.Аталған заңнама ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы шешімі бойынша өзгертілген. Сондай-ақ, ата-аналардың өздері де білім беру ұйымын таңдауға толықтай құқылы. Ал егер сәйкес мектеп оқытудан бас тартып жатқан жағдайда, тиісті білім беру мекемелеріне шағымдана алады.
- Кейбір балалар өте қабілетті болады. Бес жасқа дейін де олар оқу-жазуды үйреніп алады. Сондықтан ол балаларды 7 жасқа дейін ұстап отыру тиімсіз. Алты жастан да, жеті жастан да, әр баланың қабілетіне қарай мектепке бере берсе деген пікірдемін, – дейді ата-ана Гүлжан Қабдуалиева.ШҚО Білім басқармасының мәліметінше, құжаттар 1 маусымнан 30 тамызға дейін қабылданады. Сондай-ақ, мектепке қабылдау құжаттары тізімінен тұрғылықты жері туралы анықтама алынып тасталмақ.