Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шлагбаум қоюға болмайды

Жағалауға шлагбаум қойған кәсіпкерлерге айыппұл салынып, қоршаулары алынып тасталады. Былтыр Сібе, Бұқтырма мен Шүлбі жағалауына қойылған 45 шлагбаум бұзылған

Облыстық туризм басқармасы мамандарының айтуынша, өзен-көлдердің жағасына қоршау, шлагбаум сынды тыйым салу белгілерін орнатуға болмайды. Бұл азаматтардың ортақ суды пайдалану құқығын бұзады. 
- ҚР Су кодексінің 65-бабында жеке және заңды тұлғаларға ортақ су объектілеріне қоршау, күзет пункттерін, тыйым салу белгілерін орнатып, халықтың кіруіне кедергі келтіруге болмайды деп көрсетілген. Шлагбаумдарды қоғамдық көліктер мен өзге де техникаларды жағаға өткізбеу үшін орнатуға болады, алайда қарапайым тұрғындардың жаяу барып, суға шомылуына ешкім кедергі келтірмеуі тиіс. Кәсіпкер тек судың жағасындағы жер теліміне ғана ие, алайда ол суды сатып алған жоқ, - дейді ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сарсебаев.
Былтыр инспекторлар демалыс орындарын тексеріп, Сібе маңындағы 33 шлагбаумды бұзып алып тастаса, Бұқтырма маңындағы 10-нан аса кәсіпкерге айыппұл салған. Тексерістер биыл да жүргізіледі. Одан бөлек, басқарма жағалау мен жол бойына тұрғындарға арнап табло орнатпақ.
- Таблода туристік-ақпараттық орталық пен ішкі істер органдарының байланыс телефондары жазылады. Қандай да бір қоршау мен шлагбаумды көрген азаматтар көрсетілген нөмірлерге хабарласып, мәселені шеше алады, - дейді басшы. 
Десе де, жағалауды жалға алып отырған кәсіпкердің де құқықтары бар. Ең алдымен, кәсіпкердің иелігіндегі жерге шомылуға келген тұрғын бұл маңайды ластамауы, көлік кіргізбей, санитарлық нормаларды сақтауы тиіс. 
Следующая →