Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Шлагбаум қоюға болмайды

Жағалауға шлагбаум қойған кәсіпкерлерге айыппұл салынып, қоршаулары алынып тасталады. Былтыр Сібе, Бұқтырма мен Шүлбі жағалауына қойылған 45 шлагбаум бұзылған

Облыстық туризм басқармасы мамандарының айтуынша, өзен-көлдердің жағасына қоршау, шлагбаум сынды тыйым салу белгілерін орнатуға болмайды. Бұл азаматтардың ортақ суды пайдалану құқығын бұзады. 
- ҚР Су кодексінің 65-бабында жеке және заңды тұлғаларға ортақ су объектілеріне қоршау, күзет пункттерін, тыйым салу белгілерін орнатып, халықтың кіруіне кедергі келтіруге болмайды деп көрсетілген. Шлагбаумдарды қоғамдық көліктер мен өзге де техникаларды жағаға өткізбеу үшін орнатуға болады, алайда қарапайым тұрғындардың жаяу барып, суға шомылуына ешкім кедергі келтірмеуі тиіс. Кәсіпкер тек судың жағасындағы жер теліміне ғана ие, алайда ол суды сатып алған жоқ, - дейді ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сарсебаев.
Былтыр инспекторлар демалыс орындарын тексеріп, Сібе маңындағы 33 шлагбаумды бұзып алып тастаса, Бұқтырма маңындағы 10-нан аса кәсіпкерге айыппұл салған. Тексерістер биыл да жүргізіледі. Одан бөлек, басқарма жағалау мен жол бойына тұрғындарға арнап табло орнатпақ.
- Таблода туристік-ақпараттық орталық пен ішкі істер органдарының байланыс телефондары жазылады. Қандай да бір қоршау мен шлагбаумды көрген азаматтар көрсетілген нөмірлерге хабарласып, мәселені шеше алады, - дейді басшы. 
Десе де, жағалауды жалға алып отырған кәсіпкердің де құқықтары бар. Ең алдымен, кәсіпкердің иелігіндегі жерге шомылуға келген тұрғын бұл маңайды ластамауы, көлік кіргізбей, санитарлық нормаларды сақтауы тиіс. 
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Шлагбаум Тыйым