Усть-Каменогорск
ясно
-18°
  • Усть-Каменогорск
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Нур-Султан (Астана)
    -9°
  • Актобе
    -7°
  • Форт-Шевченко
    +3°
  • Атырау
    -4°
  • Караганда
    -9°
  • Кокшетау
    -10°
  • Костанай
    -10°
  • Кызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Браконьерлер неге азаймай тұр?

Қазір облыста маусым айына дейін балық аулауға тыйым салынған. Себебі балықтың уылдырық шашатын уақыты келді

Бірақ тыйым салынғанымен, балық аулаушылар тыйылар емес. 

Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы 30 наурызда бұйрық шығарып, балықтың уылдырық шашу және көбею кезеңі басталғандықтан, балық аулауға тыйым салған. 
- Алакөл мен Сасықкөлде және оған құятын Үржар, Бесқопа, Тентек, Емел, Қатынсу, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде 10 сәуірден бастап 1 маусымға дейін балық аулауға тыйым салынған. Аягөз өзенінде 15 сәуірден 1 маусымға, Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасында 16 сәуірден 15 маусымға, Шүлбі су қоймасында 10 маусымнан 10 мамырға дейін балық аулауға болмайды, - дейді инспекция басшысы Ерлан Упобаев.
Ал балық аулауға тыйым салу айлығы басталғаннан бері мекеменің инспекторлары рейд шараларын жиілетті. Нәтижесінде қазіргі уақытқа дейін 15 браконьер ұсталып, әкімшілік айыппұл салынған. Құқық бұзушылардан 24 ау мен қармақ, төрт қайық, 31 келі балық тәркіленген. 

Инспекторлардың айтуынша, азаматтардың көбі балық аулауға тыйым салынғанын біледі. Сонда да балық аулауға мәжбүр. Өйткені өзен-көл жанына қоныс тепкен ауылдағы жұрттың балықтан басқа айналысар шаруасы жоқ. Екі қолға бір күрек таппаған азаматтар балық аулап, күн көргеннен өзге амал таппай отыр. Ал облыс басшылығы болса, көл мен өзен жағасында орын тепкен ауыл тұрғындарын мал бағумен, жер өңдеумен айналысуға шақырады. 

Былтырғы жылы Тарбағатай ауданына барған облыс әкімі Даниал Ахметов Тұғыл ауылының халқына балықтан өзге, малмен де айналысыңдар деп үндеу тастаған болатын. Содан бері ауыл тұрғындары да мемлекеттен көмек алып, мал өсірумен айналыса бастады. Ал балықтан өзге күнкөріс көзі жоқ жандар өзен-көлді кезумен әуре. Ондай тұрғындар мұндай ұзақ мерзімді шектеулер кезінде біраз ашығып қалары рас. 

Бірі балыққа шарасыздықтан шықса, енді бірі «инспекторлардан қашып құтылам-ау» деген дәмемен шығады. 
- Біз осы жолғы рейдке тікұшақпен шықтық. Қай ауданда браконьерлер көп ұсталса, сол ауданда рейдті күшейтеміз. Бұл жолы Тарбағатай ауданында рейд жүргізген кезде, екі көлікпен қашқан браконьерлерді ұстадық. Заңбұзушыларды тапқан сәтте, жергілікті инспекцияға хабар береміз. Ешкім қашып құтыла алмайды, - дейді инспекцияның балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы, мемлекеттік инспектор Фархат Байбазаров.
Бас маманның айтуынша, жылдың басынан бері заңсыз балық аулағандарға қатысты 363 әкімшілік хаттама толтырылған. Оның ішінде бесеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалған. 
- Балықты қармақпен заңсыз аулағандарға 10-20 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салынады. Яғни, балықты жыл ішінде бірінші рет ұсталып отырған болса, оған 24 мың теңге, екінші не үшінші рет ұсталса, 48 мың теңге айыппұл салынады. Айыппұлды бір аптаның ішінде 50% жеңілдікпен аз төлеуге болады. Ал аумен аулағандардың жазасы ауырлау. Олар 48 мың мен 96 мың теңге арасында айыппұл төлейді. Ал айыппұл көлемі 100 АЕК-тен, 241 мың теңгеден асса, қылмыстық іс қозғалады. Аулаған балығының көлеміне қарай залал көлемі есептеледі. Мемлекетке 300-400 мың теңге зиян келтірген балықшылар болады. Оған екі жыл балық аулауға тыйым салынып, екі жылдай бас бостандығына шектеу қойылады. Ұсталған балықшының барлық заттары тәркіленіп алынады. Оның ішінде қайығы да мемлекет мүлкіне өтеді, - дейді Фархат Болатұлы.
Қармақпен балық аулауға шыққан тұрғын 5 келі балық аулай алады. Ал қытай ауымен балық аулауға мүлдем болмайды. Кейінгі уақытта елде мұндай ауларды сатуға да тыйым салына бастаған. Өйткені мұндай аулар суда шірімей ұзақ жатып қалады. Ал балықшылардың көбі оны суға тастап кететін көрінеді. Көлге түскен ау әлі талай балықты жаралап, судағы абақтыға айналмақ. 

Заң қатал болғандықтан, сұғанақ аңшылар, болсын, азайған. Рұқсат қағаз алып, заң аясында балық аулауға кірісе бастаған. Балық аулауға лицензия алу үшін көл маңындағы мекемелерден рұқсат алып, қай балықты қанша мөлшерде аулау қажеттігін бекітіп алу керек. 
Следующая →