Усть-Каменогорск
ясно
-21°
  • Усть-Каменогорск
    -21°
  • Алматы
    -7°
  • Нур-Султан (Астана)
    -9°
  • Актобе
    -12°
  • Форт-Шевченко
    +3°
  • Атырау
    -3°
  • Караганда
    -13°
  • Кокшетау
    -12°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -7°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    -4°
$
514.93
-0.96
536.04
-0.28
¥
70.55
-0.15
5.18
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Адамның күні адаммен

Биыл қыңыр мінезін қыс емес, көктем көрсетті. Ашық мінез танытып, ақкөңіл кейіппен келетін көктем Шығыс еліне түксиіп, қара аспанды төндіріп жетті

Ауыл-аймақты тасқынға толтырып, апат қаптатты. Шығысқа елу жылда ел көрмеген тасқын келді. Бір ай бойы әр апта сайын бір-бір ауданды су алып, төрт бірдей тасқын толқыны ауылдарды шайды. Синоптиктердің болжауынша, аймақта апаттың ауаны әлі сейіле қойған жоқ. 

Дегенмен бүгінгі әңгімеміз ол жайлы емес. Қиын-қыстау кезеңде халыққа қайырымдылық жасап, жомарттық таныта алған, қиындықта жақсылыққа қол жалғаған жандар жайлы болмақ. Былтыр Ақтөбе облысында алып су тасқыны болған кезде, аймақ азаматтары қалтарыста қалмай, қиындыққа тап болған жерлестеріне көмек беріп, үй жөндеп, баспана сыйлаған еді. Бұдан Шығыс та құр алақан емес. Мәселен, Семей кәсіпкерлері де елу шақты үйді жөндеп беруді өз мойнына алып отыр. Гуманитарлы көмек жасап жатқандар да жетерлік. Мұның барлығы басқа түскен қайғыны қоғам болып көтере алатындығымызды, қысылтаяң шақта кәсіпкер азаматтар да халыққа арқау болатындығын дәлелдеді.  

Биыл судан Зырян мен Аягөз аудандары ауыр зардап шекті. Екі ауданнан қос кейіпкер ала отырып, қайырымдылық жайлы баяндауды шештік. 

Алғашқы кейіпкеріміз Ержан Нұрбаев - Зырян ауданынан сайланған облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер. Су тасқыны кезінде алғашқылардың бірі болып көмек қолын созған жан. Зырян ауданына 10 тонна, Аягөзге 2 тонна ұн және 1 млн теңге шамасында қаржылай көмек жасаған. Гуманитарлы бекетке жиналған азық-түлік пен құрылыс заттарын Өскеменнен Аягөзге жеткізу үшін көлік берген. 
Кәсіпкердің айтуынша, мұндай су тасқынын осыдан қырық жылдан астам уақыт бұрын көрген. 
- Өзім - Катонқарағай ауданының тумасымын. Жеті жасымнан бастап Зырянда тұрдым. Бала күнімде осыған ұқсас ірі су апатының болғаны есімде. Ол кезде де зардап шеккендер көп болды. Бұл жолы Зырянның сорғыш стансасы су астында қалып, тасыған суды дер кезінде сүзіп ала алмады. Стансаны салушылар суды мұндай биіктікке көтеріліп кетеді деп ойламаса керек.  Осыдан екі жыл бұрын арықтар мен каналдарды тазалауға 1 млрд теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жасалған еді. Бұл да көмектеспеді. Өрт сөндіру көліктері әкелген 40 сорғыш бір апта бойы көше мен ауланы судан босатумен болды, - дейді Ержан Ақтанұлы.
Зырянда су тасқыны жиі болады. Былтыр да, алдыңғы жылы да су тасыған. Алайда мұндай шығыны көп, үрейі зор су тасқынын таяу жылда көз көрмеген. 

Кәсіпкерге де көмек керек

Су тасқыны кезінде аудан депутаты халықты аралап, жағдайын білуге тырысқан. Апаттың салдарымен күресу үшін нендей көмек қажет екенін біліп, халыққа үміт сыйлауды мақсат тұтқан. 
- Мемлекеттік мекемелер, билік органдары халықтың асты-үстіне түсіп, қызмет қылумен болды. Кәсіпкерлер де қарап қалмады. Бұған ел де куә болып, көңіліне сенім ұялады. Сол себепті елде қорқыныш болмады. Зырянды алдыңғы жылы да су алған сәтте үкімет зардап шеккендердің барлығына біркелкі 170 мың теңге шамасында көмек көрсеткен еді. Бұл қаржы тұрғындардың біріне жетсе, енді біріне жетпей жатты. Ол кезде де комиссия құрылып, шығын толық есептелу керек еді. Ал биыл арнайы комиссия құрылып, азаматтардың шығыны бөлек-бөлек есептеліп жатыр. Бұрын мұндай қолдау болмаған еді, - дейді кейіпкер.
Ержан Ақтанұлы қарапайым тұрғындарға көмек көрсетілгені сынды кәсіп иелеріне де көңіл бөліну керектігін айтады. 
- Халықпен кездесіп жүргенде ауылда шағын дүкені бар кәсіпкердің "бізге де көмек берілмей ме?" деп сұрағаны бар. Дүкеннің маңындағы үйлерді су алған кезде, оның бір жақ шетіне де су кірген. Ішіндегі азық-түліктер суға кеткен екен. Үкімет зардап шеккен тұрғындардың баспанасын жөндеуге көмек көрсеткенімен, шағын кәсіп иелері тасада қалды. Оларға да қолдау танытудың тетіктерін қарастыру керек еді, - дейді кәсіпкер.

Көмек қаржымен шектеліп қалмақ емес


Зырянда тасқын зардаптарымен күресу жұмыстары әлі жалғасуда. Кәсіпкер азаматтар да аянып жатқан жоқ. Өз қалтасынан қаржы шығарып, ауыл шаруашылық, құрылыс кәсіпкерлері КамАЗ, экскаватор сынды техникаларын беріп, су басқан ауылдарды қалпына келтіріп жатыр. 
- Көмек қаржымен шектелмейді. Қолдан келген көмектің барлығын ұсыну қажет. Тасқынмен күресіп жатқан жалдамалы компаниялардың көбі қазір тегін жұмыс жасап жатыр. Мұның барлығы кәсіпкердің қалтасына ауырлық қылары анық: кәсібі құрдымға кетуі мүмкін. Сондықтан кәсіпкерлер тәуекелге барып отыр, - дейді Ержан Ақтанұлы.
Зырянда егіндік жерлері бар кәсіпкер Ержан Нұрбаевтың шаруашылығына да су тасқыны зардабын тигізген. Ағын су егістік алқапты осып-тіліп, жыраға айналдырған. 
- Кейбір шаруалардың малдары қырылып жатты. Оның жанында егістікке келген шығын аздау деп ойлаймын. Енді ойылып қалған жерлерді тегістеп түзеу қажет, - дейді кәсіпкер шаруа.

Мұсылман жамағаты бірікті

Қайғыда қалған бауырына көмектесу - мұсылманның айнымас парызы. Елдің мұсылмандар жамағаты да Аягөзде болған апаттан зардап шеккен жұртқа көмектесу үшін қауым болып бірігіп, азық-түлік, киім-кешек таратып, баспана алып берді. Әсіресе, бір жұма жұмыс жасаған қайырымдылық дүкені судан зардап шеккен отбасылардың барлығына көмектесе алды. Елдің әр түкпірінен келген он бес жүк көлігінің өзі ғана Аягөзге тонналап киім әкелді. Ал Аягөз ауданы әкімшілігі мен Аягөз қалалық мешіті қайырымдылық дүкенін ашып, алдымен судан зардап шеккен отбасылардың барлығын жинап, бір қабат киім үлестірді. 
- Қайырымдылық дүкенін ашып, орын дайындауға бір жұма уақыт кетті. Ашылған соң, бір жұмадай жұмыс жасады. Судан зардап шеккен отбасылардың тізімін жасап, олардың әрбірін дүкенге шақырып, киім-кешек бердік. Барлығы 350-ге жуық отбасы керек-жарағын алды. Оның ішінде екі жүз отбасы - судан зардап шеккен жандар. Қалғандары - аз қамтылған, көпбалалы жанұялар, - дейді Аягөз аудандық мешітінің бас имамы Думан Нәдірұлы.
Ал он бес жүк көлігі әкелген киімнің жартысы Аягөзде таратылып, қалған киім Семей қаласына жіберілген. Өйткені мұнда да судан зардап шеккен жандар бар. 

Аягөз мешіті жергілікті әкімдікпен бірігіп, төрт отбасына үй алып берген. Ал Қарағанды облыстық мешітінің имамдары судан жапа шеккен бір отбасына, елдің Діни басқармасы Аягөз мешітінің наиб имамына жаңа баспана кілтін табыстады. 

Одан бөлек, Бас мүфти мен Алматы, Талдықорған, Өскемен мен Семейдің бас имамдары Аягөз жұртының көңілін марқайтып, қайғысын сейілту үшін ақ дастархан жайып, ас беріп, уағыз айтты. Алланың сынағына шыдап, сабыр етуге, шүкіршілік қылуға шақырып, жұрттың жанын жайландырған. 
Следующая →