Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -5°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Газета Газета

Полицияны үйге кіргізбеуге құқылысыз ба?

Тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеу туралы заң халық арасында дау туғызып, көбі әлі күнге осы заңның нақты мақсатын түсіне алмай дал болуда

Ал жақында ғаламтор арқылы дәл осы мәселеге қатысты хабарлама тарап, халықты одан әрі дүрліктірді. Ол хабарламада қала әкімі тұрғындарға тіркеуді сұрап келген учаскелік полиция қызметкерін үйлеріне кіргізбеу туралы бұйрығы шыққаны жазылған. Яғни, осы заңды алаяқтар қолайлы пайдаланып кетуі мүмкіндігін алға тартты. Алайда хабарламада дәл қай қала немесе аудан екендігі туралы ақпарат көрсетілмеген.

Алайда, ҚР ІІМ хабарлағандай, бұл хабарламалар жалған болып табылады. Ал түрлі қолайлы сәтті қолдана білетін айлакерлердің арбауына түсіп қалмас үшін халық аса сақ болғаны жөн. Мәселен, алаяқты полиция қызметкерінен ажырата білу керек. Ол үшін алдымен оның құжаттарын көру қажет. Сонымен қатар, тұрғындар оның қай аудандық басқармаға қарайтынын анықтап, кезекші бөлімнің нөмірін талап етуге де құқылы. Сәйкесінше сол кезекші бөлімге хабарласып, келген учаскелік полицияның шынымен де сонда қызмет ететін-етпейтінін анықтауға болады. Одан өзге, келген полиция қызметкерін видеоға түсіріп, анықтау үшін ішкі істер департаментіне жіберуге болады.

- Егер азаматтар үйінің есігін шын құқық қорғау органы қызметкері қағып тұрғанына күмән келтірген жағдайда оны анықтаудың түрлі жолдары бар, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. - Алдымен қызметкердің киген киіміне назар аудару керек. Одан өзге, әр қызметкердің қызыл қапты қызметтік куәлігі болады. Ішінде суреті мен аты-жөні, қызметі мен лауазымы толық көрсетіліп, құжатт аймақтық ІІД басшысының қолы мен мөр болуы керек.

Бақытжан Құмарқанұлы қызметкерді суретке немесе бейнежазбаға түсіруге тыйым салынбайтындығын алға тартады. Егер ол шынымен құқық қорғау органы қызметкері болып, ол ешқандай заңға қайшы әрекет етпеген жағдайда ол қарсы болмауы керек. Айта кетейік, учаскелік полиция міндетті түрде үйге кірмей-ақ тұрғындарға полиция бөлімшесіне шақырту қағазын да тастап кете алады.

- Инспектор міндетті түрде үйге кірмей, далада тұрып та тұрғынмен әңгіме жүргізе алады. Тіпті, болмаған жағдайда көршілерді де шақырып алуға құқылы, - дейді Бақытжан Құмарханұлы. - Айта кеткен жөнполиция қызметкерлері уақытша тіркеуі жоқ азаматтарды анықтау үшін арнайы тексерістер жүргізбейді. 

Ерке Мұхаметкәрім
Следующая →