Полицияны үйге кіргізбеуге құқылысыз ба?
Тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеу туралы заң халық арасында дау туғызып, көбі әлі күнге осы заңның нақты мақсатын түсіне алмай дал болуда Ал жақында ғаламтор арқылы дәл осы мәселеге қатысты хабарлама тарап, халықты одан әрі дүрліктірді. Ол хабарламада қала әкімі тұрғындарға тіркеуді сұрап келген учаскелік полиция қызметкерін үйлеріне кіргізбеу туралы бұйрығы шыққаны жазылған. Яғни, осы заңды алаяқтар қолайлы пайдаланып кетуі мүмкіндігін алға тартты. Алайда хабарламада дәл қай қала немесе аудан...