Усть-Каменогорск
ясно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -5°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -8°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Газета Газета

Мәдәт Намысов: - Жанұя тыныштығы түсіністікке негізделеді

Мәдәт Намысов биылғы «Жас қанат» облыстық жас әншілер байқауына қатысып, Астана қаласындағы аталмыш байқаудың финалына жолдама алған өңірімізден шыққан талант иесі. Өнер майталманы шығармашылық жұмысындағы өз сырымен бөлісті

? Біреуді тағдыр, біреуді таңдау алып келетін өнер жолына қалай түстің?

- Мен 1991 жылы Жарма ауданы Жаңғызтөбе станциясында дүниеге келдім. Өнер жолына 6 жасымнан аяқ бастым. Ата-анам ең алғаш жарыстар мен байқауларға бағыттады. Қалбатау ауылында өткен балаларға арналған байқауды жеңген соң, «Ақ Бота», республикалық «Айналайын» атты балаларға арналған жарыстарға қатыстым. Бірнеше мәрте алдыңғы қатардан көрініп келдім де, 13 жасымнан 16 жасқа дейін шығармашылық жұмысым кідіріс тапты. Бұл адамның дәл дауысы өзгеретін шағы еді.

 ?Шәмші атамыз да дауысын жоғалтқанға дейін бұлбұлша сайраған дейді. «Жас қанатта» да, келер күннің әлі алда екенін көрсеттің. Өнерді жасөспірім шағыңда қайта қолға алдың ба?

- Иә, кейін 16 жасымнан қайтадан дайындалып, «Таланты Востока» байқауларында, кейін республикалық грантты ұтып алдым. Халықаралық «Славянский базар» деген ТМД-дағы 5 елдер арасындағы жарысқа жолдама алдым. 2008 жылы сонда Қазақстан атынан барып, орын алып қайттым. Белоруссияда өткен 3-ші халықаралық фестиваль байқауда бірінші орынға ие болдым. Осыдан кейін эстрададан, яғни осындай ресми ән айтуға шықпадым. Біраз жылғы үзілістен кейін, міне «Жас қанатқа» қатыстым.

? Жалғыз ән айтуды кәсіп етпейтін шығарсың? 

- Шәкәрім Құдайбердиев атындағы Семей мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасында жоғары білім алғанмын. Бірақ өз мамандығым бойынша жұмыс істемеймін. Семей қаласындағы «Мәдениет агенттігінде» музыкант қызметін атқарудамын. Жуықта бағымды сынап көрейін деп Шығыс Қазақстан облыстық «Жас Қанат» байқауына қатысып, екінші орынға ие болдым. Бұл Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама ретіндегі жетістігім болды. Енді Алла қаласа бағымызды өскелең ортада сынап көреміз.


Сұхбат фото жеке мұрағатынан1.jpg
? Халықаралық байқауларда жұлдызың ерекше жаныпты. Осындай ерек жолға жол сілтеген ата-анаң екенін айтып өттің. Ол кісілердің де өнерден хабары болғаны ма?

- Әкемнің де, анамның да музыкалық білімдері бар. Музыкалық училищені бітірсе де, әкем иман жолына түсіп, қажылыққа барып келіп, молда болды. Қазір барлығымыз Семей қаласында үлкен бір жанұямыз. Өзім де отау құрып, әке атанып үлгердім. Сол себептен де болар, сахнадан қол үзе тұрдым деуге болады.

 ? Той басқарасың, өзің де отағасы болып үлгердің. Қазіргі жастардың арасында ерте үйленіп, ерте жауласатын дерт шықты. Бұл туралы не дейсің?

- Өзгені сынай алмаймын, әркімнің тағдыры әрқалай. Бірақ өз басымнан мысал келтіретін болсам, жарым да, мен де өнер иесіміз. Екеуіміз де ән айтамыз. Жалпы жұмысымыз бір болғандықтан бір-бірімізді түсіну қиын емес. Мен филологияны оқып, ол музыкалық білім алса да, таныстығымызға он жылдай болды. Қазір бір ортада жүріп, бірімізді біріміз жақсы түсінеміз. Жалпы, жар таңдағанда және мамандық таңдауда қателеспеген дұрыс дейді ғой.  Өз басым бұл жолда қателеспегеніме сенімдімін. Жалпы, жанұялық тыныштық түсіністікке негізделеді деген пікірдемін.

?Ұзақ үзілістен кейін «Жас Қанатқа» қатысып, қайта шықтың деуге болады. Алысқа аттану үшін бірінші қадам ғана жеткілікті деуші еді. Бұл соның белгісі болар?

- Иә, Алматыдан шақырулар өте көп. Кімнен және қандай екенін айтпай-ақ қояйын, барлығы өз уақытында ашылып жатар. Жақсы орталықтар өз орталарына тартуда. Негізі бұл шақырулар 2014 жылдан бері түсуде. Биыл «Жас қанатқа» қатысып бақ сынаған соң, шақырған жерден қалмау ойымда бар. Қазақ эстрадасына шығу – менің басты жоспарым, мақсатым.


Сұхбат фото жеке мұрағатынан.jpg
? 2014 жылдан бері 3 жыл өтіпті. Осыншама ұзақ ойлануыңа не себеп болды? Әлде, жеті рет өлшеп, бір рет кесейін дедің бе?

- Шындығын айту керек. Біріншіден, өз-өзіме деген сенімсіздік болды. Екіншіден, үйдегі кенже баламын. Қазақтың тәрбиесі кенже баланы ата-ананың назарынан алыстатпағандықтан, ұядан ұшқанға аздап жүрексінгенім бар. Міне, басты себептер осыда. Бірақ, соңғы уақытта өзіме деген үлкен сенім ұялағандықтан, нар-тәуекелге баруды ойладым. Ойладым да, нақты шешімге келдім.

? Той басқарудың мақсаты неде? 

- Шын көңілден, той иесінің «рахметі» үшін ғана басқарып беретін тойлар бар. Бұл өзге асабаларда да, өз басымда да кездесіп тұрады. Бірақ, бұл да еңбек болғандықтан, еңбек еткен адамның «наны» екенін ұмытпау керек. Асабалар жұрт көңілін көтерсе де, өз көңілі үшін өмір сүреді деу қате пікір.

Сұхбатыңа рахмет!
Следующая →