Мәдәт Намысов: - Жанұя тыныштығы түсіністікке негізделеді
Мәдәт Намысов биылғы «Жас қанат» облыстық жас әншілер байқауына қатысып, Астана қаласындағы аталмыш байқаудың финалына жолдама алған өңірімізден шыққан талант иесі. Өнер майталманы шығармашылық жұмысындағы өз сырымен бөлісті ? Біреуді тағдыр, біреуді таңдау алып келетін өнер жолына қалай түстің? - Мен 1991 жылы Жарма ауданы Жаңғызтөбе станциясында дүниеге келдім. Өнер жолына 6 жасымнан аяқ бастым. Ата-анам ең алғаш жарыстар мен байқауларға бағыттады. Қалбатау ауылында өткен балаларға арналған байқауды...