Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Газета Газета

Шеберхананың ұстанымы – ұлттық құндылықты дәріптеу

Қазақ халқының қолөнері деп күнделікті тұрмыста жиі қолданатын - өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу бүгінгі таңда екінің бірі айналыса бермейтін өнерге айналды

Қазақ халқы өзінің күнделікті өмір салтында тіршілікке қажетті үй мүліктерін, киім-кешектерін, азық-түлігін өндіруді тұрмыстық кәсіп ретінде дамытса, сән-салтанат үшін әсем бұйымдар жасап, қолөнерін өте жоғары сатыға көтере білді. Бүгінгі таңда ұлттық өнерді дәріптеушілердің қатары саусақпен санарлық болғанымен, бұл өнерді зерттеп, зерделеп, үйреніп, күнделікті тұрмыста пайдаланып, тіпті нәсібі болар кәсібі ретінде де пайдаланып жүргендер бар. Сондай жандардың бірі «Айша» шеберханасының қыздары.  


                                                                       Бастамасы әрқилы болды

Айша шеберханасы 2017 жылдың басында ғана құрылды. Шеберхананың жетекшісі Гауһар Бақытбекқызы өзіне жақтас, пікірлес, өзі сынды ісмер қыздарды сауаташу орталығында кездестіреді. 
- Облыстық мешіттегі сауаташу курсына барып жүріп Назым және Айым деген қыздармен таныстым. Шыны керек, орамал таққан қыздарға жұмыс табу оңай емес. Өзімнің көкейімде бұрыннан бері бір іс ашу идеясы жүрген еді. Сол  ойым қыздардың ойымен ұштасып, біз бірлесе жұмыс істеуді жөн санадық, - дейді Гауһар  Сәрсенғалиева.
Ең алғаш бастаған кезде өздерін қолөнердің түрлі саласында сынап көреді. Әртүрлі бұйымдарды әзірлейді, бірақ олардың көбі халық арасыда сұраныс таппады. 
- Алғашында біз кәмпиттерден букеттер, ірі киндерлер жасап көрдік. Бірақ жанымызға жақыны жасанды киіз, яғни, сетрмен жұмыс істеу болды, - деп қосты  Гауһар  Сәрсенғалиева.
«Айша» шеберханасын ашуға біріккен үш ісмердің тігуге, тоқуға, пішуге деген ептері, талпыныстары ғана болып қоймай, жасаған жұмыстары ел арасында сұранысқа да ие болады. 
Осылайша, ісмер қыздар жасанды киізден ұлттық нақыштағы сөмке, кәжекей, ұялы телефондардың қаптарын, диадема, белдіктер мен сырға, білезіктерді әзірлей бастайды. 

                                                                 Ұлттық нақышты қолдайды

Қазақтың түрлі ұлттық киімдері бар. Олар этникалық, экономикалық, климаттық жағдайларды ескеріп, ежелгі дәстүр бойынша тігіледі. Олардың қатарында шапан, бешпет, камзол, кеудеше, тон, шекпен, кәжекей және тағы басқалары жатады. «Айша» шеберханасының ісмерлері осы киім-кешектің ішінен бүгінгі заманда сұранысы жоғары кәжекейді тігіп, пішуді өздерінің негізгі кәсіптеріне айналдырды. Себебі қазіргі уақытта кәжекей бұрынғыдай матадан емес, сетрден жасалады. Жасанды, жұмсақ киіздің оюларын тігіп, әшекейлейді. 
- Кәжекей - жеңсіз, жағасы кеңірек ойылған, етегі белден төмен түсетін келіншектердің сырт киімі. Қазақтың ұлттық киімі. Біз дайындайтын дүниелердің ішінде осы кәжекейді әзірлеуге біршама көп уақыт кетеді. Нақтырақ айтқанда кәжекей үш күннің айналасында жасалады.  Себебі біз оюларды саламыз, оларды оямыз, қиямыз, тігеміз, мұның барлығында симетрияның болуы, яғни, біркелкілік маңызды, - деді Гауһар  Сәрсенғалиева.
Шебер қолдардан туған бұйымдар ұлттық нақышта жасалады. Себебі «Айша» шеберханасындағы ісмер қыздардың басты көздеген мақсаттары қазақтың ұлттық өнерін, ұлттық бұйымдарын, әшекейлерін насихаттау, күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналдыру. 
- Біздің мақсатымыз ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Ал ұлттық нақыштағы бұйымдарды пайдаланатын кез келген адам рухани тұрғыдан алғанда кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік сынды қасиеттерді сіңіреді және оны өзгелерге де дарытады деп ойлаймын, - деп қосты «Айша» шеберханасының жетекшісі.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне үлес қоса алатын азамат өсіре аламыз» деген еді. Күнделікті тұрмыста ұлттық оюмен әрленген бұйымдарды, киім-кешекті пайдаланған әр ересек адам, өсіп келе жатқан ұрпақтың санасында  ұлттық құндылықтың маңыздылығын қалыптастыратыны сөзсіз. 

                                                                  Жұмыла көтерген жүк жеңіл

«Айша» шеберханасының жетекшісі Гауһар Сарсенғалиеваның тігін ісімен айналысып жүргеніне 2 жылдай болған екен. Балалық шағынан құрақ-көрпенің тігілгенін көріп өскен Гауһар Бақытбекқызының өзі бұл істі уақыт талабымен үйренген екен. 
- Менің балалық шағымда анамыз құрақ-көрпе тігумен айналысатын. Алайда заман өзгеріп, қолдан жасалған бұйымдар зауыттық бұйымдарға алмастырылып, қолдан жасалатын, тігілетін заттарға деген сұраныс азайып, қолөнер туындылары бағаланбай, жоғалып кетті ғой. Ал менің өзімнің тігіп-пішуге деген ебім, бейімім болғанымен мен оны шамамен 2 жыл бұрын ғана үйрендім, - дейді Гауһар Бақытбекқызы.
Бүгінгі таңда шеберхана тапсырыспен түрлі бұйымдарды әзірлеу үстінде. Тіпті кейбір тұтынушылар өздерінің ұсыныстарын да тастап жатады екен. 
- Бізге құрақ-көрпе, тәй-тәйдің жолын, ақжол әзірлеу ұсыныстары да түсіп жатыр. Қиын жұмыс болмаса, әзірлейміз. Әйтпесе біздің бір ұстанған бағытымыз бар. Қазір сол бағытты ретке келтіріп алсақ, қалғанын уақыт өте келе қосамыз. Әр нәрсенің басын бір шалғаннан, жұмыстың жүйелі болғаны әркімге ыңғайлы, - деді «Айша» шеберханасының жетекшісі.
Ұлттық нақыштағы бұйымдарды әзірлеуді ісмер қыздар ғаламторға жүгіне отырып үйренді. Дегенмен, адам қиялының шексіздігін ескерсек, әр шебер өз туындысына өзінің идеясын қосып отырады. 
- Қатып қалған қағида жоқ қой. Білмегенімізді ғаламтор желісіне жүгініп қараймыз, бірақ бұйымдарды жасау барысында өзіміздің стилімізді қалыптастырып, сол бойынша жасаймыз. Іс барысында түрлі ойлар, идеялар туындайды. Соларды жүзеге асыруға тырысамыз, - деп қосты Гаухар Сәрсенғалиева.
Шеберхана жұмысы енді басталған кезде қыздар қажетті бұйымдарға салымды өздері салып, керек-жарақтарын қаламыздың дүкендерінен алса, бүгінгі таңда барлық бұйымдарды тапсырыспен алдыртады. 
- Қазір жұмысымыз жүйеленіп келеді. Енді өзіміздің шеберханамызды үй жағдайынан жеке шығарсақ па деген ойымыз пайда болды. Бірақ бізге орамал тағатын қыздарды қолдайтын демеуші керек. Ұлттық кәсіпті дамытуға қолдау көрсетуге әзір жандарды іздестіру үстіндеміз, - деді Гауһар Бақытбекқызы.
«Еңбегіне қарай өнбегі» демекші «Айша» шеберханасының қыздары өз істеріне адал және әрі жұмыстарына сүйіспеншілікпен жақындайды. Сондықтан олардың жұмыстары да ел арасында лайықты сұранысқа ие болуда. 
- Өз ісіңді сүйсең, ешнәрсе қиын болмайды. Өз-өзімізге жұмыс істегендіктен бе, әр туындымызға үлкен шығармашылықпен, қиялмен, махаббатпен келуге тырысамыз. Жас айырмашылықтарымыз әртүрлі болғандығына қарамастан, білмегенімізді жұмыс барысында бір-бірімізден үйренеміз, - деп қосты ісмер Гауһар.
Шебер туындысы қолдау тапқан  кезде, ел арасында қолданыста жүрген кезде және сұранысы болған кезде оның еңбегінің ақталғандығы. Сауда нарығына енді ғана аяқ басып жатқан «Айша» шеберханасының ісмерлеріне сәттілік тілейміз. 
Следующая →