Шеберхананың ұстанымы – ұлттық құндылықты дәріптеу
Қазақ халқының қолөнері деп күнделікті тұрмыста жиі қолданатын - өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу бүгінгі таңда екінің бірі айналыса бермейтін өнерге айналды Қазақ халқы өзінің күнделікті өмір салтында тіршілікке қажетті үй мүліктерін, киім-кешектерін, азық-түлігін өндіруді тұрмыстық кәсіп ретінде дамытса, сән-салтанат үшін әсем бұйымдар жасап, қолөнерін өте жоғары сатыға көтере білді. Бүгінгі таңда ұлттық өнерді дәріптеушілердің қатары саусақпен санарлық болғанымен, бұл өнерді зерттеп, зерделеп...