Усть-Каменогорск
ясно
-12°
• Усть-Каменогорск
-12°
• Алматы
+1°
• Нур-Султан (Астана)
-3°
• Актобе
-3°
• Форт-Шевченко
+8°
• Атырау
-2°
• Караганда
-4°
• Кокшетау
-6°
• Костанай
-5°
• Кызылорда
+2°
• Павлодар
-11°
• Петропавловск
-10°
• Тараз
+1°
• Уральск
-3°
• Шымкент
+8°

498.51
+0.17
522.84
+3.12

68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ғасыр жасаған қарт ананы әкімдік құттықтады

Наурыздың 19 күні «көпті көріп көпті түйген», біреуге ана, біреуге апа, біреуге әже атанған Зерп Есеркенова 101-жасқа толды

Усть-Каменогорск и ВКО / Ғасыр жасаған қарт ананы әкімдік құттықтады
Фото:
Алдаспан
Шүңірек көзді, бетіне тегіс әжім кірген Зерп Рамазанқызы 1915 жылы Катонқарағай ауданында шаруа отбасында дүниеге келген. Әке-шешесінен ерте айырылып небәрі 14 жасында тұрмыс құрыпты. Күйеуінен екі торсықтай ұлы дүние есігін ашып шынайы бақыттың кәусәрін татып отырғанда шеңгелін жайған сұрапыл соғыс келіп аяулы жары майданға аттанып кетеді. Жәпөк, Қамбар атты екі баласымен ғана қалған аяулы ана сол қиын-қыстау кезеңдер жайлы:

-    Ол кездері барлығы жұмыста. Тіпті ұсақ – түйек балаларға дейін тырбың-тырбың етіп еңбек етуде. Қол қусырып бос жүрген ешкім жоқ. Біз өгізбен жер жыртып, мойнымызға мөшек салып тұқым шаштық. Колхозға сүт, сүзбе жіберіп тұрдық. Отан қорғауға аттанған сарбаздарымызға нәскилерін тоқып аз да болса шамамыз келгенше қол үшін беруге тырысқан едік, - деп еске алады.

Сананы жаулаған сағынышты баса алмай күйеуін әне келеді, міне келеді деп күн санап тосумен болған. Алайда жұбайының соғыста қаза тапқандығы жайлы қайғылы хабар 1947 жылы бір-ақ жетті. «Тірі адам тірлігін жасау керек» дегендей екінші рет тұрмыс құрып бес бүлдіршінді дүниеге алып келген.

- Барлығы 10 бала тудым. 3-еуі кішкене кезінде қайтыс болды. «Кірпі баласын жұмсағым дер» демекші қалған 4 ұлым мен 3 қызымды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, ешкімнен кем болмасын деп барымды жасап өсірдім, бақтым-қақтым. Қазір ұлдарымның ешбірі қалмады, құдай өзі беріп, өзі алады ғой. Біреуі аттан жығылды, біреуі туберкулезбен ауырып қайтыс болды, қалғаны қартайып өз жастарына келіп көз жұмды. Аллаға шүкір арттарында ұрпақтары қалды, - дейді ғасыр жасаған әжеміз.

Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырған Зерп Рамазанқызы 22 немере, 48 шөбере, 4 шөпшектің қызығын көруде. Кезіндегі зор еңбегі үшін барлық мерейтойлық медальдармен марапатталған апамызды туған күнімен құттықтап Өскемен қаласы әкімдігі «Істер жөніндегі басқармасының» №8-ші филиал директорының орынбасары Асхат Қозыбаев келді. Барлық ізгі тілектерді жаудырып «азда болса көптей көріңіз» деп алып келген сыйлығын тарту етті. Қолында қала әкімі Темірбек Қасымжановтың құттықтау хаты да бар. Бетіне қуаныштың сәулесі төгіліп, ризашылықтың көлеңкесі көрінген қарт ана келген жандарға ақ батасын тілеп аттандырды.

Следующая →