Nur Otan партиясында денсаулық саласына қатысты мәселелер талқыланды
Nur Otan партиясы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Бұнда Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасы және 2021 жылға арналған "Бақытты отбасы" партиялық жобасының өңірлік жол картасы іс-шараларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Nur Otan партиясы "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасындағы өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған нақты көрсеткіштерді сапалы, уақтылы орындалуын біз әрдайым бақылауда ұстауымыз қажет, - деді Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сергей Александрович.
Денсаулық сақтау саласын дамыту "Nur Otan" партиясы сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының негізгі басым бағыттарын бірі екендігін айта кеткен жөн.