Усть-Каменогорск
облачно
+2°
  • Усть-Каменогорск
    +2°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    +2°
  • Актобе
    +3°
  • Форт-Шевченко
    +11°
  • Атырау
    +7°
  • Караганда
    +1°
  • Кокшетау
    +2°
  • Костанай
    +2°
  • Кызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +6°
  • Уральск
    +6°
  • Шымкент
    +7°
$
491.7
+3.89
531.28
+3.66
¥
68.9
+0.46
5.07
+0.05
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскеменде Оралхан Бөкейдің жаңа ескерткіші ашылды

ЖМК ауданындағы таулардың бөктеріндегі Өтепов көшесінің бойында Оралхан Бөкейге арналған мүсін бұрын да бар еді...

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде Оралхан Бөкейдің жаңа ескерткіші ашылды
Фото:
фотоны автор ұсынды
Төр Алтай - өзінің топырағында дүниеге келген перзенттерімен бақытты. Катонқарағай заңғар тауларымен ғана емес, таудай тұлғаларымен де асқақ. Көзінің тірісінде Алтайдың кербұғысы атанған талантты жазушы-драматург, дарынды журналист Оралхан Бөкей Шыңғыстай ауылында туып-өскен.

28 қыркүйек - дүниеге жүз жылда бір келетін, қазақтың маңдайына енді бұйырмайтын Оралхандай тәкәппар тау ұлының туған күні. Шығыс өңірінің бас шаһары өзінен шыққан ұлыларын қолынан келгенше ұлықтап-ақ жатыр. Осыған орай, қыркүйек айының 21-інші жұлдызында Өскеменнің ең үлкен мөлтек ауданында айбынды жазушыға арналған ескерткіш ашылды.

ЖМК ауданындағы таулардың бөктеріндегі Өтепов көшесінің бойында Оралхан Бөкейге арналған мүсін бұрын да бар еді. Алайда арзан сапада жасалған жазушының кеуде мүсіні жыл сайын жөндеуді қажет ететін. Аңызақ жел мен бұрқасын жаңбыр да жұмсақ фибробетонның өңін қашырғандай еді. Өскемен қаласының  әкімі Жақсылық Мұқашұлы қазақ руханиятына, шығыстың зиялы қауым өкілдеріне және ЖМК тұрғындарына үлкен сый жасап қуантты. Бюсттің ресми түрде ашылу салтанатына қала басшысы Жақсылық Омар, қалалық мәдениет бөлімінің басшысы, ақын Қалқаман Сарин, Қазақстан Жазушылар одағының ШҚО филиалының директоры Әлібек Қаңтарбаев, ел ағаларының бірі Түсіпхан Түсіпбеков, жазушы, ғалым, биология ғылымдарының кандидаты Борис Щербаков, жазушы-драматург, қалалық мәслихаттың депутаты Әскерхан Ақтай, айтыскер ақын Серік Қуанған және осы мүсінді жасаушы шебер Нұрбол Қалиев қатысты.


Мүсінші бюстті 6 айда жасап шыққан


Бүгін, тау-тұлға жерлесіміздің алда келе жатқан туған күніне орай бұрынғы орнына жаңа бюст қойылды. Бірақ астындағы тас тұғыры жаңарған, тұтас граниттен қойылған. Үстіне орнатылған бюст те бірыңғай қоладан құйылған. Ескерткіш мүсіннің биіктігі 4,8 метр. Оралханның мына тұрысы Алтайдың асқар шыңына көз тіккен қыранды, тауы мен тасында тұяғы кетілмейтін кербез де паң кербұғыны елестетіндей.

Кейінгі кезде есімі ел аузына ілініп жүрген жас мүсінші Нұрбол Қалиев - Семей өңірі, Қарауыл ауданы. Мүсіншілікпен мектеп бітірген шағынан бастап айналысып келеді. Алматыда білімін жетілдіріп, қабілетін шыңдап, туған жері Семей қаласына көшіп келген қазақ жігітінің қолынан бұған дейін де небір туындылар дүниеге келген. Бүгінгі Оралханның бюстін жасау үшін оған алты ай уақыт жеткілікті болыпты. Жазушының шығармаларын оқып шабыттанған Нұрбол Қалиев қасындағы серігі Мейрам Баймұханов екеуі мүсінді жасауға зор шабытпен кіріскенін айтады.
- Шығыс өңірінде менің қолымнан шыққан 10-нан астам ескерткіштер бар. Қасымдағы жігіттер де елімізге белгілі мүсіншілер. Тауда туып-өскен шығармашылық адамының мінезін, кескін-келбетін дәл бере алдық деп ойлаймын. Өте сәтті шыққан мүсін болған тәрізді. Бағасын халық бере жатар, - дейді автор Нұрбол Мейрамұлы.


"№19 мөлтек ауданға Оралхан Бөкейдің атын берсе де жарасады"



Өскемен шаһарында Оралхан Бөкей атындағы кітапхана бар. Жаңадан орнатылған ескерткіштен 300 метр жерде Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп орналасқан. Бүгін, қиылысында бюст орналасқан екі көшенің бірін жазушының атына беру туралы мәселе көтерілді. Өйткені бір қалада екі бірдей Өтепов көшесі бар екені мәлім болды. Сол себепті мектеп пен мүсін орналасқан көшені Алтайдың кербұғысының атымен атау туралы ұсыныс айтылды.
- "Сый қылсаң - сыпыра қыл" дейді ғой біздің қазақ. Оралханды қалай әспеттеп, қалай құрметтесек те жарасады. Тіпті, мына №19 ықшам ауданды "Оралхан Бөкей атындағы мөлтек аудан" деп атап жіберсек те ешкім қарсы бола қоймас. Осы мәселе төңірегінде әлі де ақылдасу керек. Қолға алынып, қордаланып, атқарылатын шаруалар көп, - деді ақын, жазушы Әлібек Қаңтарбаев.

Следующая →