Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Көкпекті ауданындағы ауылдардың бірінің маңында жайылымдық жер жетпей жатыр

Көкпекті ауданына қарасты Үлкен Бөкен ауылында жайылым жер жоқ. Тұрғындар малын ауыл ішінде бағуға мәжбүр. Өйткені жекенің қолына өтіп кеткен жердің бәріне егін егіліп, малдың жайылуына қатаң тыйым салынған

Үлкен Бөкендегі жұрттың негізгі тіршілігі - мал шаруашылығы. Ауылдың жан-жағы бұрын отар-отар қой жайылатын жайылым болатын. Қазір елді мекен іргесіне дейін дәнді дақылдар егілген. Тұрғындар ұсақ малын да, ірі қарасын да қорадан шығара алмай қалды.
- Жылдан жылға тынысымыз тарылып келеді. Егістік алқапты тура ауылдың шетіне дейін тақап қойды. Мал түсіп кетсе, аямай айыппұл салады. Жердің бәрін шаруа қожалықтары жекешелендіріп алды. Қарапайым тұрғындарда жер жоқ. Аудан әкімдігіне проблеманы айтып талай бардық, бірақ ондағы шенеуніктердің қолынан түк келмеді, - дейді Үлкен Бөкен ауылының тұрғыны Айтқали Мұхамеджанов.
Қазір ауылдың малын бақташы бағады. Ол алыстағы жайылымға қой-ешкіні күніге бір ізбен апарып, бір ізбен алып қайтады екен. Жолдан ауытқыса айыппұл арқалайды.
- Мал жаятын жер тар болғандықтан, төрт түлік ауылға келіп тағы жайылады. Жаз бойы арып, қабырғасы көрінді. Негізі, заңға сәйкес, ауылдың сыртында 2-3 шақырым жер жайылымға арналуы тиіс. Бірақ ол заң біздің ауылды айналып өткен сияқты, егістік үйімізге дейін тақалып тұр, - дейді тұрғын Досқали Тойбеков.
Үлкен Бөкенде жүздеген малы бар тұрғындар аз емес. Олар да қой-ешкісін қорада ұстауға мәжбүр. Малы ауыл ішінде жайылады. Салдарынан қидың жағымсыз иісі қоңқаны қабады. Тұрғындар жазда үйдің терезесін аша алмай қалдық деп шағымданып отыр.
- Жайылымдық жер болмаған соң ауылдағы кейбір тұрғындар малын қорада ұстауға мәжбүр. Ауылдың іші қи сасып тұр. Тереземізді аша алмай қалдық. Бұдан ауру тарауы мүмкін. Шілденің шіліңгір ыстығында ауылдың ортасына мал бордақылау деген сұмдық қой. Кейбіреулер 100 басқа дейін мал ұстайды. Оларды ауылдың шетіне көшіру керек. Ауылдас көршіміз ғой деп өздеріне де ақырын айттық, елемеді. Қашанғы осылай отырамыз, - дейді Досқали Тойбеков.
Аудан басшылары жағдайдан хабардар. Тек әзірге проблеманы шешудің жолын білмейді.
- Жерлерді бұрын алып алған, сосын заңдастырып рәсімдеген. Оған қазір түк те істей алмаймыз. Бос жер іздеп жатырмыз. Тауып жатсақ, бірдеңесі болар, - деп қысқа қайырды аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин.
Ол Үлкен Бөкендегі жайылым жер мәселесі жуық арада шешіледі деп сендірді. Ал жағымсыз иіске байланысты тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне жазбаша арыз қалдыруы тиіс екен.

Следующая →