Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +14°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Батальондық тактикалық топтардың оқу-жаттығуы өтуде

Аягөз гарнизонындағы танк бригадасында шынайы ұрыс түріне барынша жақындатылған жағдайда бөлімшелердің далалық шеберліктері мен үйлесімділігін жетілдіру мақсатында батальондық тактикалық топтармен оқу-жаттығу өткізілуде

Ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған тактикалық жаттығуда  батальондық тактикалық топтардың жеке құрамы дабыл бойынша жауынгерлік даярлыққа келтіріліп "Майлин" оқу-жаттығу полигонына аттанды. Далалық оқу-жаттығу алаңына ұрыс машиналарымен марш жасап өткен жеке құрам, жауынгерлік іс-қимылдарға даярлықтарын пысықтап, ұрыс жүргізу ауданына шығып, қорғаныс шараларына қатысады.

9a3c42b1-9524-46d3-b7b2-dc9411a955fb.jpg

Оқу-жаттығудың басты мақсаты - жеке құрамның үйлесімді іс-қимылдарына қол жеткізу, теориялық білімді тәжірибе жүзінде бекіту және дағдылар мен іс-қимылдарын автоматизмге дейін жеткізу болып табылады. Сонымен қатар, командирлердіӊ біліктілігімен басқару тәжірибесін арттыру, дұрыс шешім қабылдауды және шебер басқаруды үйрету де маңызды.
 
Батальондық тактикалық топтар бригада командирінің шешімімен құрылады. Жаттығу өткізу барысында басты назар жауынгерлік тәртіпке, атыс жүйесіне және оқ-ату маневрін үйлестіруге, сондай-ақ түндегі белсенді жауынгерлік әрекеттерге аударылатын болады.

Айта кетейік, батальондық тактикалық топтардың оқу-жаттығуы ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Следующая →