Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Семей қаласындағы Березовский кентінің тұрғындары тамыз айында қала әкімімен кездесу кезінде кенттегі жолдың жағдайына назар аударуды сұраған болатын
- Кент проблемаларын кезең-кезеңмен шешу мақсатында Белібаев көшесінен Фабричный көшесіне дейін ұзындығы 4,4 км жолда орташа жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер ұйым тәулік бойы жұмыс жүргізеді, жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі - ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін. Бұдан кейін, 20-30 қыркүйек аралығында Туристический көшесін жөндеуден өткіземіз, - деді Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов. - Келесі жылы кентте көшелерді жарықтандыру және мектепке апаратын жолдарды қалпына келтіру жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз.Сонымен қатар, сол жағалаудағы Молдағалиев көшесінің жөндеу жұмыстары түнгі ауысыммен жүргізілуде.