Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Әскердегі жемқорлықтың алдын алу шаралары жүріп жатыр

Аягөз гарнизоны Әскери полиция бөлімі Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің жеке құрамымен 2021 жылдың  "Күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны" кезінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бермеу  тақырыбында кездесу өткізді

Шара барысында сөз алған Аягөз гарнизоны Әскери полиция бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі аға офицері әділет майоры Ернұр Ақжігітов бөлімнің жеке құрамына және комиссия мүшелеріне  әкімшілік құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа жол берудің салдары неге әкеп соғарын жеткізді, деп мәлімдеді Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі.
 
Сонымен қатар,  Қарулы күштер қатарын толықтыратын күзгі әскерге шақырушылардың сапалы жасақталу мәселесіне баса назар аудару мен келушілер тарапынан пара ұсыну фактілері болған жағдайда құқық бұзушылыққа бейжай қарамай, жедел түрде басшылыққа және құзырлы органдарға хабарлау керектігін ескертті.
- Бүгінгідей жемқорлықтың алдын алу шаралары жеке құраммен жиі өткізілуі тиіс, себебі әскери орта мен қоғамда орын алып жатқан сыбайлас жемқорлықтың көрінісі қай жерде нақты болатыны беймәлім. Сол себепті осындай кездесулерді өткізу арқылы жеке құрамның теріс іс-әрекетке бармауына ой саламыз, - деді Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы подполковник Сабыржан Айтқазин.

Следующая →