Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Маржан Бақыт, депутат: "Қайсарлық - мықты қаруым"

Биыл Тәуелсіздігімізге - 30 жыл. Отыз жыл – көзді ашып-жұмғандай қас қағым сәт болып көрінер. Дегенмен, бұл еліміз үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан кезең

Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты "Елімді көркейту үшін не істедім?", "Қазақстанның баянды болашағы үшін қандай үлес қостым?" деген сан сауал мазалап, өткені мен бүгінін сараптап, болашағын бағамдар.

Ал жауапты қызметте жүрген азаматтардың мойнындаға жүк екі есе.

Осы орайда, тәуелсіз ел беріп отырған мүмкіндікті өзінің еңбекқорлығы мен жігерінің арқасында оңтайлы қолданып жүрген жан - «Шығыс - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Маржан Бақытқызымен әңгіме өрбіткен едік...

Мемлекеттік мекемелер жұмысына бақылау жүргізеді

Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күрестің ел тағдыры үшін маңызы ерекше. Сол себепті де бұл мәселеге барынша көңіл бөлініп, аймақта жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа моделі қолданысқа еніп отыр. Соның бірі – "Шығыс – адалдық алаңы" жобасы.

"Шығыс адалдық алаңы" жобасының негізгі мақсаты– мемлекеттік мекемелердің жұмысына қоғамдық бақылау орнату. Қатаң бақылау болса ғана мемлекеттік қызметтің сапасы артып, бір жүйеге түседі. Бұл жемқорлықпен күресті күшейтуге де өз септігін тигізеді. Ал әрбір адам жемқорлыққа мүлде төзбеушілік танытқан жағдайда ғана көш ілгері жүреді.

Жоба кеңсесінің қызметі мемлекеттік қызметтер көрсету, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары, мемлекеттік кірістер, құқық қорғау және сот органдары мәселелеріне қатысты. Сондықтан, өз қаласына, ауданына, ауылына, кентіне, көп пәтерлі үйге және т.б. немқұрайлы қарамайтын ҚР кез келген азаматы осы жобаның қатысушысы бола алады.

Маржан ханымның өз мамандығына деген махаббаты университет қабырғасында жүргеннен басталған. Оқу оқып жүрген кездің өзінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан. Қазіргі атқарып отырған қызметінің өзі де қоғамдық проблемалармен байланысты.
- Бізде он бес аудан мен төрт қалада жобалық кеңселер ашылған, - дейді Маржан Бақыт. - Әр жерде өзіміздің өкілдеріміз бар. Олардың барлығы аудан, қала әкімдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша штаттан тыс кеңесшілері. Олардың барлығы тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу үшін жұмыс жасайды. Әсіресе мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына қоғамдық бақылау жүргізеді. Мәселен, салынып жатқан жолдар, ғимараттар, әлеуметтік нысандарға біздің тапсырма бойынша қадағалау жүргізеді. Ақаулар, кемшіліктер болса, бізге айтады, біз өзіміздің тарапымыздан тиісті мемлекеттік органдарға кемшіліктерді көрсетіп ұсыныстарымызды білдіреміз. Олқылықтардың барлығының орнына келтірілуін, түзетілуін қадағалаймыз. Егер істелмей жатса, біз өзіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментке хат жазамыз.
Шырағымды жаққан шығысым

ЖалпыМаржан Бақыт 1987 жылы Монғолия еліндегі Баян Өлгей қаласында дүниеге келген. 1992 жылы әулетімен бірге елге оралған. Абай атындағы мектеп-гимназияда оқып, оны 2005 жылы бітірген. Мектептен кейін Өскемен қаласындағы Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Физика факультетіне оқуға түсіп, 2009 жылы тәмәмдаған.

Маржан Бақыт өзінің қызмет жолын қарапайым ұстаздықтан бастаған. Ол 2009-2012 жылдары Маяковский атындағы орта мектепте информатика және физика пәндерінің мұғалімі, 2011-2013 жылдары Жарма ауданының жастар үйінің директоры, 2013-2014 жылдары Өскемен қаласы әкімдігінің жанындағы Жастар ресурстық орталығының директоры, 2014- 2020 жылдары Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan ЖҚ ШҚОФ төрайымы, 2016-2020 жылдары Өскемен қалалық мәслихатының депутаты қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда «Шығыс - адалдық алаңы » жобалық кенсесінің басшысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты.
- Мен көпбалалы қарапайым отбасында дүниеге келгенмін. Отбасында бес баламыз. Қазіргі таңда барлығымыз өз орынымызды тапқан, аяққа нық тұрған, өз қолымыз өз аузымызға жеткен, жұмысты қатар алып жүрген бір- бір үйдің отағасы мен отанасымыз, - дейді Маржан Бақыт. -Тәуелсіздігімді алмасақ, қаншама қандастарымыз елге оралмас еді. Бұл да Елбасымыздың көреген саясатының жемісі. Мен мәселен, тәуелсіздіктің арқасында қазір осындай аспаны ашық елде өмір сүріп жатқаныма шүкіршілік етемін. Қазақ қаншама қиын- қыстау кезеңді бастан кешірді: соғыс, ашаршылқ, қудалау. Ата-бабаларымыз көшіп-қонып жүрген кезде ел асып, жер асып кетті. Дегенмен шетте жүрген қазақтар өзінің салт-дәстүрін, ана тілін сақтап қала білді. Мәселен, біз елге келген кезде біздің ауылда 90% орыстар мен немістер тұрған ауылда аз ғана қазақ отбасыларының бірі болдық. Бала болғасын бізге аса білінген жоқ, бірақ ата-анамызға қиын болды. Мен орыс тілді балабақшаға бардым, соның арқасында қазіргі таңда орыс тілін жетік білемін. Бірақ бәрібір де ана тілімнің мәртебесін көтеруге үлес қосып жатырмын деп айта аламын.
"Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз", депті әл-Фараби. Нәзік жанды болса да қызметі қиын, иығына артылған жүк те жеңіл емес екені анық. "Отбасы мен қызметті қатар алып жүру қиын емес пе?" деген заңды сұрақ туары хақ.
- Қолға алған ісімді аяғына дейін жеткізу – менің басты принципім. Алғаш қызметімді мектепте бастағанмын. Информатика, физика пәдерінен сабақ бердім. Есімде қалғаны – таңғы сағат 7-ден кешкі 23-ке дейін мекепте жүретінмін. Тіпті аудан бойынша информатика мұғалімдеріне семинар өткізіп те жүрдім. Мектептегі барлық іс-шаралаға белсене қатысатынмын. 3 жыл ішінде тынымсыз еңбектің нәтижесінде жоғары категорияға ие болдым. Міне, осынай өз ісімнің нәтижесін көргенде рахаттанамын, демаламын, қайсарлана түсемін. Мен жұмыстан демалып, күш-қуат алатын адаммын. Ал отбасына келсек, мен өзім тұрмысқа кеш шықтым. Бірақ жолдасым о баста менің қандай салада жұмыс істейтінімді білді. Мені түсініп, қолдап, әр жетістігіме бірге қуанып жүрген жолдасыма алғысы шексіз. Жалпы әйел заты төзімді келеді ғой. Көп әпке-сіңлілеріміз сияқты мен де қызмет пен отбасын қатар алып жүруге тырысып келемін.

Следующая →