Усть-Каменогорск
пасмурно
+19°
  • Усть-Каменогорск
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Нур-Султан (Астана)
    +15°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +17°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +7°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Бесқарағай ауылындағы "Мәңгілік даңқ" монументі жөнделеді

Мәңгілік даңқа ұрын есімдері жазылмаған жауынгерлердің есімдері тізімге қосылмақ

Бесқарағай ауылындағы "Мәңгілік даңқ" монументі және Ауған соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш қайта жөндеуден өтпек және бұрын есімдері жазылмаған жауынгерлердің есімдері тізімге қосылмақ. 
 
Бесқарағай ауылының орталық алаңында орналасқан ҰОС ардагерлеріне арналған "1941-1945 жж. соғыста қаза тапқан жерлес батырларға арналған Мәңгілік даңқ" монументі және Ауған жауынгерлеріне арналған ескерткішті қайта жаңарту жұмыстары басталды.
- Ағымдағы жылдың шілде айында ақсақалдармен, ардагерлер кеңесінің және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, Ауған соғысы ардагерлерімен бірге аудан орталығындағы монумент пен ескерткішті жаңарту және белгісіз солдатқа ескерткіш орнатылатын жаңа аллея ашу, үш бесқарағайлық Ұлы Отан соғысы батыры мен үш Социалистік Еңбек батырының мүсіндерін орнату туралы мәселелер талқыланды. Ұлы Отан соғысынан оралмаған Бесқарағай ауылының жауынгерлерінің және Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде интернационалдық борышын өтеген және қаза тапқан жауынгерлердің есімдері монументтерге нақышталып, салынатын болады, - деп атап өтті аудандық әкімдікте.
"Мәңгілік Даңқ" монументінде Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан 251 адамның есімі қашалып жазылған. 

Бесқарағай ауылында орналасқан монументте ҚР Қорғаныс Министрлігінің "ШҚО Бесқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" РММ тізімінде көрсетілген 95 адам тіркелмегенін атап өту маңызды. Осыған байланысты, жаңа монументте бұрын түсірілген деректер сақталады және толықтырулар енгізіледі. Осылайша, Ұлы Отан соғысындағы шайқастардан оралмаған жауынгерлердің 346 тегі жазылатын болады. 
Следующая →