Усть-Каменогорск
пасмурно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -3°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Көкпектіде су құбыры жөнделіп жатыр

Көкпекті ауданының 11 елді мекенінде су құбыры желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр

Көкпекті – географиялық орналасуы бойынша шығыс өңірінің орта шенінен орын тепкен аудан. Бұл аймақта бұрыннан шешімін таппай келе жатқан мәселе – халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету. Ауыл халқы үшін аса маңызды бұл шаруа кейінгі жылдары Көкпекті ауданында оңтайлы шешімін тауып келеді. Мемлекеттік "Өңірлерді дамыту" бағдарламасының аясында бүгінгі күні Көкпекті ауданының 11 елді мекенінде су құбыры желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Аудан әкімі Раджан Сейтқанов әрбір жобаның жүзеге асырылу барысын үнемі жіті бақылауда ұстап келеді. Тағы бір ерекшелігі, аудан басшысының тапсырмасы бойынша су құбыры тартылып жатқан әрбір ауылда жергілікті тұрғындар жұмыс сапасын қадағалап отыруы үшін халықтық бақылау топтары құрылған.

Қазіргі таңда халық көп шоғырланған Үлкенбөкен ауылында су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған. 
Следующая →