Күршімде адам өліміне маса себеп болған
Маса өлтіруге арналған тоққа қосылатын фумигатор кесірінен өрт шығып, бір адам көз жұмса, енді бір адамды күйік шалған
Көктем келе Ертіс өзенінің жағасындағы жұртшылықты мазалайтын жалғыз мәселе - маса, шыбын-шіркейдің "жорыққа" шығуы. Қансорғыштар биыл да халықтың көзін ашқызбай отыр.
Күршім ауданы, Боран ауылы халқының мазасын қашырған масаның көптігі соншалық, ауыл халқы тіпті дүкеннің өзіне беттерін тұмшалап баруға мәжбүр. Жаз шықса, Боран мен Қалжыр елді мекендердің тұрғындары шыбын-шіркей, масадан зардап шегуде. Жайдары жаз, тамаша ауа райы, керемет демалыс - осының бәрі Боран халқы үшін орындалмас арман іспетті. Осы қызықтың барлығын қансорғыштардың ызыңы бұзып тұр. Ауыл халқы әр түрлі әлеуметтік желідегі парақшаларда, өздерінің масадан қалай зардап шегіп отырғандарын жарыса жариялауда. Тіпті жаздың шіліңгір шілде айында далаға шыға алмай үйде отыруға мәжбүр жұрттың басты ойы – бұл проблемаға биліктің назарын аударту.
"Миллиондап бөлінген ақшаның тиімділігі байқалмайды" деп наразы. Айта кетейік, Боран ауылына былтырғы жылы масаларды улау үшін аудандық бюджеттен 20 миллион қаражат бөлінген. Улау жұмыстары жүргізіле бастаған. Алғашқысы маусым айының басында жасалған екен.
Полиция қызметі мәлімдегендей, екі азамат күндегідей кешкі уақытта төргі бөлмеде теледидар көріп отырған. Сол уақытта құлақтарына тарсылдаған дыбыстар естілгеннен кейін, әкесі есікті ашып кіреберіс бөлмеге бет алғанда өне бойын от шалған. Оны көрген ұлы өрт болып жатқан бөлмеге кіріп, әкесін алып шыққан. Өрттің салдарыннан тамыз айының 17-сінен 18-іне қараған түні Зайсан аудандық ауруханада әкесі қайтыс болды. Ал баласы санавияцамен Өскеменге, орталық ауыруханаға жеткізілді. Денесінің 50 пайызын күйік шалған. Қазіргі таңда жағдайы бір қалыпты.
Бірақ облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт себебін "абайсыздық" деп көрсеткен.
Следующая →

- Жыл сайын шыбын-шіркейді улауға бөлінетін ақша да, масаның саны да көбейіп жатыр. Миллиондап жұмсалып жатқан қаржының түк пайдасы жоқ. Керсінше, маса өршіп келе жатқанға ұқсайды, - дейді ауыл тұрғыны Айман Ерубаева.Осы тұрғыда Күршім аудандық газетінің редакторы Ернар Үсенов мырза журналистік көзқарасын білдірді.
- Бұл мәселе ғасырлар бойы айтылып келеді. Бірақ қатты бір өзгеріс жоқ. Әр жылда жағдай әрқалай. Мәселен, биыл маса мен шыбын-шіркей өткен жылға қарағанда әлдеқайда көп. Жалпы бұл мәселені республика көлемінде көтеру керек, ауданың жалғыз шамасы жетпейді. Ғылыми тұрғыда зерттеулер жүргізу керектігін жоғарғы жаққа көтеріп отырмыз, - дейді Ернар Үсенов.Тұрғындар үй ішінде масадан қорғайтын қытайдың түрлі дәрі-дәрмегін, майшам іспетті және токқа қосылатын құралдарын пайдаланады. Жақында дәл осы токқа қосылатын маса өлтіргіз спиральдің кесірінен бір адам көз жұмған.