Усть-Каменогорск
ясно
+20°
  • Усть-Каменогорск
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +23°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +19°
  • Кокшетау
    +22°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Танк әскери бөлімі көпбалалы әріптестеріне көмектесті

Аягөз қаласындағы танк әскери бөлімінің ұжымы "Мектепке жол" акциясы аясында  ұжымдағы көпбалалы әріптестеріне көмек қолын созды

Республикалық деңгейде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында ұйымдастырылатын қайырымдылық шарасы аясында биылғы жылы танк әскери бөлімінің ұжымы жаңа оқу жылы алдында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында көп балалы қарулас әріптестеріне бір кісідей мектепке қажетті заттармен сыйлық жасап, көмек көрсетті.

- Әр жылы арнайы коммерциялық демеушілердің қатысуымен жасалынатын ізгі істің биылғы көрініс ұжым тарапынан жасалғаны сыйлық алған оқушылардың ата-аналары көңіліне қуаныш ұялатты.  Арнайы ұйымдастырылған шағын шарада он бір көп балалы отбасына мектеп сөмкелерімен, сабаққа қажетті кеңсе заттары және спорт киімдері тарту етілді, - деп мәлімдеді Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі. - Әріптестер әзірлеген мектепке қажетті сыйлықтарын алуға келген балалар мен ата-аналар қуанышында шек жоқ, игі іске ұйыған келушілер ұжымға өз алғыстарын білдіріп, дән риза екендігін жеткізді.

Следующая →