Усть-Каменогорск
пасмурно
+6°
  • Усть-Каменогорск
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +20°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +7°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +13°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-да екі мыңнан астам бүлдіршін оқу құрал-жабдықтарымен қамтылды

Nur Otan партиясының "Мектепке жол" акциясы аясында ⠀Шығыс Қазақстан облысы бойынша аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан екі мыңнан астам мектепке  баратын бүлдіршіндерге оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табысталды

- Құрметті ата-аналар, қадірлі бүлдіршіндер сіздерді алда келе жатқан 1 қыркүйек білім күнімен шын жүректен құттықтаймын. Біздің партиямыз әрқашанда көпбалалы ата-аналарды қолдайды. Сіздер еліміздің болашағысыздар сондықтанда, сіздер үшін ең басты міндет жақсы білім алу, - деді Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков

10 жыл көлемінде дәстүрлі түрде "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында ұйымдастырылып келе жатқан шараға депутатар, меценаттар, кәсіпкерлер, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері және белсенді партия мүшелері үнемі қолдау білдіріп демеушілік жасауда.

"Мектепке жол" акциясы аясында 100 ден аса қайырымдылық мерекелік іс шаралар ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты аз қамтылған және көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға қолдау көрсету.
Следующая →