Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Дүйсенбі күні Риддер қаласында халық бір жұтым су таппай, әкімдіктің жауапсыз жұмысына ашынды

Жалпы жыл сайын Риддер қаласы жаз соңында бүкіл қаладағы суды өшіріп, тексеру жұмыстарын жүргізетін

Яғни, қаладағы су құбырлары жер-асты су тоғанына қосылатын да, халыққа бұл суды ішуге болмайтыны ескертілетін. Жергілікті тұрғындар үшін бұл үйреншікті жағдай еді. Алайда осы жолы қаладағы су арнасы су беруді тоқтатқанымен, жерасты тоғандарынан да халыққа су берілмей қалған. 
- Бізге алдын ала 5 күнге су өшірілетіні туралы ескертіліп, жерасты тоғандарынан тұрмыстық жұмыстар үшін судың келіп тұратыны айтылды. Белгісіз бір апаттық жағдайларға байланысты жерасты тоғандарынан ешқандай су келмей, біз бір жұтым суға зар боп қалдық. Тіпті дүкен сөрелерінде таза ауыз су бітіп қалған. Су алатын бастаулардың басында халық көп, тіпті түнімен бастауға су алу үшін кезек болды, - дейді қала тұрғыны Ирина.
Жергілікті БАҚ өкілдері анықтағандай, жер асты су жинағыш құрылымның электр желілеріндегі апат орын алғандықтан қала тұрғындары бір күн бойы сусыз қалып отыр. 
- Тек біздің қаламызда ғана алдымен бүкіл қаладағы су өшіріліп, содан кейін электр энергиясы жөнделеді. Сонда жабдықтың (сорғылардың) жұмысын алдын ала тексеріп алуға болмас па еді? - дейді қала тұрғыны Вячеслав.
Апат жойылғаннан кейін су жинау құрылымы жұмыс істеп, қалаға су беріле бастаған. 

Расымен  бұл ойластырыл-маған жұмыстардың салдары болса керек. Ал мұның зардабын 50 мыңдай халықтың барлығы көрді. Айта кетейік, медициналық нысандар, балабақшалар да сусыз қалған болатын. 

Жергілікті әкімдік пен тұрғын үй коммуналды шаруашылығының мамандары аталмыш жағдайға қатысты телефон арқылы түсініктеме бере алмайтындарын жеткізді. 

Следующая →