Семей қаласының шеті де назардан шет қалмайды
Семей қаласының шеткі аумақтары мен саяжай алқаптарының проблемалары жүйелі және кешенді түрдегі жоспарлы жұмысты қажет ететін маңызды мәселелердің бірі болып табылады
Сол себепті де шаһардың жаңа әкімі Бақытжан Байахметов қаланың мәселелерімен танысу кездесулерін дәл осы шеткі аумақтардан бастағанын айтады.
Семей қаласы әкімдігі мәлімдегендей, Мирный тұрғындарының ең басты проблемасы - жарық мәселесі. Себебі жарық тарату желілеріне ешкім қызмет көрсетпейді. Қазіргі уақытта сот шешімімен желілер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің балансына берілді, бұл қалалық бюджет есебінен желілерді күту үшін қызмет көрсететін мекемені анықтау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізуге мүмкіндік береді.
Водный кентінде сумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, мектеп пен балалар ойын алаңын салу сияқты бірқатар мәселелер бар. Қала әкімі кентте магистралды су құбыры желілері мен сорғы станциясы салынатындығын айтты. Кварталішілік сумен жабдықтау желілерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмысы да аяқталуға жақын. Әрі қарай, қаржыландыру мәселелері шешілгеннен кейін, жобаны іске асыру бойынша тиісті жұмыс басталмақ.
Следующая →
- Қазіргі таңда бұл аймақтардағы барлық мәселелерді біз білеміз және таныспыз. Оларды біртіндеп шешу мақсатында менің орынбасарларым бастаған арнайы жұмыс тобы құрылды. Топтың басты мақсаты - тұрғындардың күрделенген мәселелерін шешуге арналған қысқа, орта және ұзақ мерзімдерді қамтитын жоспарлы түрдегі жұмысты жүзеге асыру. Біз шеткі аймақтарды дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын әзірлеу үстіндеміз. Қолда бар ақпараттарды ескере отырып, ол нақты тармақтармен толықтырылатын болады, - дейді Бақытжан Байахметов.Жұмыс тобының мүшелері Мирный саяжай алқаптары және Водный кентінің тұрғындарымен кездесу өткізген.
Семей қаласы әкімдігі мәлімдегендей, Мирный тұрғындарының ең басты проблемасы - жарық мәселесі. Себебі жарық тарату желілеріне ешкім қызмет көрсетпейді. Қазіргі уақытта сот шешімімен желілер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің балансына берілді, бұл қалалық бюджет есебінен желілерді күту үшін қызмет көрсететін мекемені анықтау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізуге мүмкіндік береді.
Водный кентінде сумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, мектеп пен балалар ойын алаңын салу сияқты бірқатар мәселелер бар. Қала әкімі кентте магистралды су құбыры желілері мен сорғы станциясы салынатындығын айтты. Кварталішілік сумен жабдықтау желілерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмысы да аяқталуға жақын. Әрі қарай, қаржыландыру мәселелері шешілгеннен кейін, жобаны іске асыру бойынша тиісті жұмыс басталмақ.
- Сонымен қатар, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің тапсырмасы бойынша 600 орындық жаңа мектептің құрылысы үшін жыл соңына дейін типтік жобаны қолданыстағы жер телімімен байланыстыру аяқталады. Осыдан кейін, келесі жылы бюджеттік өтінім беріледі, - дейді Бақытжан Байахметов. - Балалар ойын алаңы мен спорт алаңдарының құрылысына конкурстық рәсімдер жүргізілуде. 31 тамызда мердігерді анықтау жос-парланып отыр, содан кейін құрылыс жұмыстары басталады. Конкурстық рәсімдерге байланысты кейбір кешігулерге қарамастан, барлық жоспарларды жүзеге асыруға тырысатын боламыз.