ШҚО-да постковидті оңалтуға ерекше көңіл бөлінеді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы маңызды мәселе – халықтың ковидпен ауырғаннан кейінгі оңалтуға қолжетімділігі
Коронавирустық инфекция постковидті асқынулармен ауыратындар үшін қауіпті. Қор елдегі оңалтуды, оның ішінде ковидтен кейінгі оңалтуды дамытуды барынша қолдайды. Бұл қауіпті созылмалы аурулардың ерте сатыда дамуының алдын алуға мүмкіндік береді. Оларды емдеу денсаулық сақтау бюджетінен қомақты қаржылық шығындарды талап етуі мүмкін.
Баспасөз конференциясы барысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ШҚО бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбілов жыл басынан бері 915 млн теңгеден астам сомаға оңалту жүргізілгенін айтты. Күндізгі стационарларда мыңнан астам пациент, тәулік бойғы стационарларда 4,6 мың пациент оңалтудан өтті. Амбулаториялық-емханалық деңгейде 644 млн теңге сомасына 526 мың қызмет көрсетілді.
Жалпы, коронавируспен күрес кезінде іс-шараларды қаржыландыру 12 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 5 млрд-тан астамы-медицина қызметкерлеріне үстемақы, 3 млрд-қа жуығы медициналық көмек пен КВИ-дің таралуын болдырмау жөніндегі қызметтерге, 1 млрд-тан астамы ПТР диагностика қызметтеріне, 920,5 млн-ы мобильді бригадалардың шығуларына, 39,6 млн-ы үйдегі стационарлардың қызметтеріне.
Следующая →

- Қазақстандықтар үшін медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен ПТР-зерттеулерге қолжетімділік жақсарды. Егер өткен 2020 жылы шамамен 156 мың ПТР-тест жүргізілсе, биылғы жылдың алғашқы алты айында КВИ вирусын анықтауға 160 мың зерттеу қаржыландырылды. Мобильді бригадалардың саны да айтарлықтай көбейді, - дейді Ғалымжан Әбілов.