Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО тұрғындары жыл басынан бері әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 535 шағым жіберді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациенттердің құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда

Баспасөз конференциясы барысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ШҚО бойынша филиалы директоры Ғалымжан Әбілов қор жұмысының басты бағыттарының бірі - халықпен кері байланыс орнату екенін атап өтті. Мамандар тұрғындардан келіп түскен шағымдарды, сұрақтар мен ұсыныстарды қабылдай отырып, халыққа ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетеді.
- Бірінші жартыжылдықта қордың ресми кері байланыс арналары арқылы-1406 байланыс орталығы, "Qoldau 24/7" мобильді қосымшасы, қордың сайты www.fms.kz, Saqtandyrybot Telegram-ға, Денсаулық сақтау министрінің блогы мен денсаулық сақтау министрлігінің сайтына 20 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның 535-і Шығыс Қазақстан тұрғындарынан келген, - дейді Ғалымжан Әбілов.
Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі қатысушысы ретінде қор негізгі мақсатты – пациенттердің құқықтарын қорғауды сақтай отырып, мәселелер мен өтініштерді бірлесіп шешу бойынша жұмысты жалғастыру. Ғалымжан Әбіловтың айтуынша, халық көбінесе консультациялық-диагностикалық қызметтердің қол жетімсіздігіне, медицина қызметкерлерінің дөрекі қатынасы мен біліксіздігіне, медициналық көмек көрсету сапасына, ақылы қызметтерге жіберуге, ауруханаға жатқызудан бас тартуға, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күтуге шағымданады.
- Қор сарапшылары жыл басынан бері 57 мың кемшілікті анықтады. Айыппұлдарды есепке алғанда, 655 млн теңгені құрады. Оның ішінде тіркеліп, бірақ іс жүзінде көрсетілмеген 285 жағдайды анықталды. Біздің сарапшыларымыз медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту үшін үнемі жұмыс істеуде және сайып келгенде, пациенттердің құқықтары сақталуы үшін бәрі жасалуда, - дейді Ғалымжан Әбілов.

Следующая →