Усть-Каменогорск
пасмурно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -3°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Зайсан қаласы жас мамандармен толықты

Зайсан қаласында жылдағы дәстүр бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен педагог кадрлар үшін "Жас мамандар" жәрмеңкесі өтті

Шараның мақсаты - оқу орнын бітірген жас мамандармен жүздесу, аудан мектептеріне қажетті мамандықтар бойынша жастарды жұмысқа тарту, жастардың бағытын бақылау.

Жас мамандар жәрмеңкесіне Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы, мектеп директорлары, ата-аналар, аудандық білім бөліміне тіркелген жоғары, арнаулы орта білімі бар барлығы 45 жас маман қатысты. Жәрмеңкеде аудан мектептерінің педагог кадр-ларымен қамтамасыз етілуі, аудан мектептеріне қажетті мамандықтар, өткен оқу жылында жас мамандарға берілген жәрдемақы, бюджеттік несие туралы айтылды. Жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында Зайсан ауданындағы ауыл мектептеріне келген мамандарға "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша берілген тұрғын үйлер туралы да сөз қозғалды. Бірнеше жас маман алға қойған мақсаттары мен жеке қабілеттері туралы айтып өтіп, өздерін таныстырды.

Жәрмеңкеде аудан мектептерінде сұранысқа ие орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, биология, информатика, химия, музыка мамандықтарын бітіріп келген жас мамандармен келісімшарт жасауға ұсыныс жасалды.
Следующая →