Усть-Каменогорск
облачно
+24°
  • Усть-Каменогорск
    +24°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +9°
  • Актобе
    +10°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +5°
  • Кызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
441.66
475.14
¥
61
4.86
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Құйған ауылындағы 15 жыл жөндеу көрмеген мешітті халық қалпына келтіріп жатыр

Күршім ауданы Құйған ауылындағы 15 жыл жөндеу көрмеген мешітті жөндеу жұмыстарын ауыл азаматтары бірлесе, өз күштерімен бастап кетті

Мешіттің жөндеу жұмыстарына ұйытқы болып, Алла үйін қалыпқа келтіруді бастаған азамат осы ауылдың тумасы, бүгінде аталмыш мешітте имам қызметін атқарып отырған Зейнеш Сейітқазин. Зейнеш Төлеуханұлы туған ауылындағы мешітке осыдан 2 жыл бұрын иман болып келген. Мешіттің қирап тұрған жағдайын көріп, оны жөндеуге бел буған. 
- Мешіт салу - кез келген адам айналыса беретін қарапайым дүние емес. Мұның артында үлкен сұрауы бар, жауапкершілігі жоғары мәселе тұр. Әрине, елімізде мешіттердің көп болғаны жақсы. Әрбір елді мекенде бір-бір ғибадат үйі бой көтеріп, ауыл тұрғындарын азан үнімен оятып, жастардың санасына асыл дініміздің құндылықтарын сіңіру бағытында үздіксіз қызмет етіп тұрса, қандай ғажап. Бірақ сол салынған мешіттерді ұстап тұру да жауапты іс, - дейді ауыл имамы.
Игі іс - фотоны З. Сейітқазин ұсынды (1).jpg

Құйған ауылындағы мешіттің ай сайынғы шығынын азайту мақсатында электр жылу жүйесі қатты отынмен жанатын пешке ауыстырылыпты. 

Жалпы мешітті жөндеу жұмыстарына ауыл азаматтары, жүрегінде иманы бар жандар 5 миллион 800 мың теңге қаражат жинаған екен. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін мешіттің іші жаңартылып, жылу жүйесі жөнделіп, сырты қапталып, төбесі шатырланған. Бұл жұмысқа атсалысқан азаматтарды атап өткен жөн. Мәселен, Құйған ауылының тұрғыны Арман есімді азамат шатырлау жұмыстарын тегін жүргізген. Берік Рамазанов есімді азамат Алла үйінің сыртын каптаған. Осы ауылдың тумасы, жеке кәсіпкер, бүгінде Өскемен қаласында тұратын Ләйлә есімді азаматша мешіттің сыртын қаптауға қажетті кірпіштерді өз қаржысына сатып алып, ауылға дейін тегін жеткізіп берген. Зейнеш Төлеуханұлы өз әулетінің атынан 500 мың теңге қосқан. Одан өзге де көмек қолын созған азаматтар жетерлік. Арнайы құрылған қорға жиналған қаражаттың жұмсалу барысы тұралы есепті ауыл имамы көпшілікке көрсетіп отыр. 

Игі іс - фотоны З. Сейітқазин ұсынды (4).jpg

Мешіт құрылысының толық аяқталуы үшін ендігі кезекте 2 күмбезін орнатып, сыртқы қоршауын жөндеу жұмыстары қалған. Сонымен қатар, мешітке су тартып, жаңадан жиһаздар алу жоспарда бар. Қаржының жетіспеуінен бұл жұмыстар келесі жылға қалып отыр. Алайда қаржы жинау жұмыстары әлі де жүргізілуде. Жақын арада Құйған ауылында күмбезі көкпен таласқан жаңа мешіт келушілерге есігін айқара ашады деген үміттеміз.

Следующая →