Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Темекіні сөреге ашық қоюға қойылған тыйым сауданы тыйды ма?

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын темекі шегу 8 миллионнан астам адамның өліміне әкеледі

Бүгінгі таңда темекінің зиянын білмейтін адам жоқ шығар. Дегенмен темекіге сұраныс толастамай тұр. Бір ай бұрын біздің елімізде темекімен күрес ретінде тағы бір заң қабылданды. Яғни, шылым өнімдерін дүкен сөрелеріне қоюға тыйым салынды. 

Шығыс Қазақстан облысының және Өскемен қалалық санитарлы-эпидемиологиялық бақылау басқармасындағылар темекі өнімдерінің ашық саудасын жасаған заң бұзушылықтарды анықтау үшін тексерулер жүргізілетінін айтты. Тексерумен жергілікті кәсіпкерлік бөлімдері айналысады. Дегенмен іс жүзінде ешқандай тексеру жүргізілмейтін сияқты. Себебі Семей қаласындағы кәсіпкерлік бөлімі осы уақытқа дейін ешқандай тексеру жүргізбегендерін айтса, Өскемен қалалық кәсіпкерлік бөлімі жауап беруден жалтарды. Саудагерлер де тексерудің болмағанын алға тартады. 
- 1-ші шілдеден бастап, темекінің ашық саудасын тоқтаттық. Бірақ бұл темекінің сатылымына, сұранысына еш әсерін тигізген жоқ, шығынға ұшыраған жоқпыз. Керісінше, темекінің бағасы өсті. Осы уақытқа дейін бізді ешкім тексермеді, - дейді дүкен иесі Мадина. - Ашық сатылымның бір пайдасы болуы мүмкін, бұл - өскелең ұрпақтың арасындағы темекіге сұраныстың азаюы. Себебі сауда ветринасынан темекіні көрмегендіктен, оның дәмін көруге де қызығушылық туындамауы ықтимал.
Темекіні сауда орындары самсатып сатылымға қойса, 65-тен 450-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш бойынша қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Ал егер бұл бірнеше рет қайталанса, ол дүкен немесе сауда орыны мүлде шылым бизнесімен қош айтысуы мүмкін.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы жаппай темекі шегуді әлем халқының денсаулығына ең үлкен қауіптердің бірі деп сипаттап отыр. Осыған орай болса керек, әлемдегі ең ірі темекі өндіруші Philip Morris International компаниясы алдағы 10 жыл ішінде Ұлыбританияда темекі сатуды тоқтатпақшы. 

Ал Жаңа Зеландия 2004 жылдан кейін туғандар үшін темекі шегуге толық тыйым салғысы келеді. Бұл жердің билігі темекі өнімдерін сатып алуға рұқсат етілген жасты біртіндеп ұлғайтпақшы, ал 2004 жылдан кейін туған ұрпаққа темекі сатып алуға мүлдем тыйым салынады. Осындай түбегейлі шараның көмегімен үкімет 2025 жылға қарай ел темекіден толық бас тартуға қол жеткізеді деп үміттенеді.
Следующая →