Усть-Каменогорск
ясно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тарбағатайдағы Ақсуатқа енді ұшақ қонатын болады

Бұйырса, енді Барқытбелге ұшақпен жететін күн де алыс емес.

Шығыс өңірінің Тарбағатай ауданы жылдан жылға жақсарып, күннен күнге көркейіп келеді. 

Ауданның басшылары футболдың ойыншыларынан да жиі ауысқанымен, рухани, әлеуметтік, экономикалық тұрғыда ілгерілеп, еліміздегі алдынғы қатардағы аудандардың сапынан табылып келеді. Ақсуаттағы бұрынғы әуежай күрделі жөндеуден өтіп, заман талабына сай қалпына келмек. Бұл туралы ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Мерей Қарт әлеуметтік желісінде сүйінші сұрап жазды.
- Облыс әкімі Даниал Ахметовтің назары ауып, толықтай қолдайтынын жеткізіпті. "Assyltas" қоғамдық қорының құрылтайшысы, меценат Дулат Тастекейдің ел игілігіне қызмет ететін тағы бір ерекше бастамасына ел болып қуандық. Тарбағатайға әкім болып Асхат Сайдахметұлы келгелі көп іс жандана бастады. "Қойшының таяғынан, әкімнің аяғынан" деп негізгі мақалды сәл өзгеріске ұшыратып отырмыз. Ертеден тұралап қалған әуежайдың құрылыс жұмыстары басталып та кеткен екен. Іске сәт! - деп жазды ол өзінің фейсбук парақшасында.
Бұйырса, енді Барқытбелге ұшақпен жететін күн де алыс емес.

Сонымен бірге, аудан орталығы Ақсуат ауылында спорттық-сауықтыру кешенінің алғашқы қазығы қағылып, құрылысы қарқын ала бас-тады. Аталған жобаның тапсырыс берушісі - Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, ал бас мердігер: "DKProekt" ЖШС.

Ел игілігі үшін жоспарланып отырған бұл жобаның құрылысы осы жылдың тамыз айында басталып, 2022 жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарланған.
Следующая →