Өскемен қаласы билігінен қайыр бола ма?
Мүмкіндігі шектеулі баласын жоғарғы қабатқа күнде көтеріп түсіп-шығу оңай емес
Өскемен шаһарының оңтүстігінде Кішітау деген жаңа қала бой көтеріп келеді. №19, 20 ықшам аудандарда зәулім үйлер бой көтеріп, жыл сайын қолданысқа беріледі. Тау етегіндегі мөлтек ауданның көптеген тұрғын үйлеріне көпбалалы аналар, мүгедек балалар, аз қамтылған және толық емес отбасылар, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер қоныстанған. Кезекке тұрған дәрігерлер мен мұғалімдерге де осы үйлерден пәтер берілген.
Көкжал Барақ көшесі 24/1 мекенжайындағы тұрғын үй бес қабатты етіп салынған. Екі кіреберістен тұрады. Индира есімді облыстық "Ана мен бала" орталығының қызметкері де осы үйдің бірінші подъезінде, екінші қабатта тұрады. Бірақ жалғызбасты дәрігер анаға 9 жастағы мүгедек ұлын күн сайын екінші қабатқа түсіріп-шығару өте қиын. Екінші сынып оқитын Мадияр церебралды сал ауруына шалдыққан. Өздігінен жүріп, тұра алмайтын баласын қолына көтеріп күн сайын жоғары-төмен қозғалу кімге де болсын қиындық туғызады.
Айта кетейік, бұл үйде мүмкіндігі шектеулі баласы бар үш отбасы тұрады екен.
Тамыздың 17-сі күні Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар жұмыс сапарымен Индира тұратын тұрғын үйдің ауласын тексеруге барған болатын. Екі ай бойы кезекке жазылса да, қабылдауына кіре алмаған әкімді терезеден көрген ана Мадиярды көтеріп далаға шыққан. Әкімнің жанына бізден де жақын барып мұқтаждығын айта бас-тады. Алайда шаһар басшысы асыққан болуы керек, көз қиығын бір тастады да, Индираға бұрылмай көлігіне отырып кетіп қалды. Қайтпас қайсар дәрігер әйел сол жерде тұрған әкімдік қызметкерлері мен қала басшысының көмекшісіне және тілшілерге басындағы жағдайды баяндап берді. Салмағы бұрынғыдай жеңіл емес баласын көтеріп екінші қабатқа шығып-түсуімізді, подъезге кіріп өз көзімізбен көруімізді сұрады.
Мадиярды құшақтаған анасы мен апасының соңынан ердік. Қасымда Жақсылық Омардың көмекшісі Әлібек Тұрсымбетов бар. Индира мен Дариға апа бәрін көрсетіп, түсінідіріп жатыр.
Көкжал Барақ көшесі, 24/1 үй, бірінші кіреберістегі осы бір мәселені назарда ұстайтын боламыз. Бұйырса, жақын арада анасы Мадиярды қоларбамен түсіріп-шығаратын болады. Негізінде, лифтісі жоқ барлық үйдің подъездерінде осындай пандус болуы керек.
Следующая →

Ананың зарына әкім құлақ аспады

- Жақсылық Мұқашұлына екі айдан бері жолыға алмай келеміз. Мына үйлерде лифт жоқ, ол белгілі. Бірақ пандус салып қою керек қой. Мүгедектер арбасын пайдалану үшін жағдай жасалмаған. Ораза кезінде мен танымайтын бір-екі намазхан жігіт қайырымдылық жасап негізгі темірін орнатып берген. Арнайы бізге деп екінші қабатқа дейін ғана жасаған. Енді соған жалпақ темір табан орнату керек. Әйтпесе, арбаның дөңгелегі жүре алмайды, тесікке түсіп кете береді. Қазіргі қалпында шығу мүмкін емес. Соны аяқтап беріңіздерші тым құрығанда, - деді Мадиярдың апасы Дариға.
Күзге дейін жасауға уәде берді
Мадиярды құшақтаған анасы мен апасының соңынан ердік. Қасымда Жақсылық Омардың көмекшісі Әлібек Тұрсымбетов бар. Индира мен Дариға апа бәрін көрсетіп, түсінідіріп жатыр.
- Бұл қолдан келмейтін аса бір қиын шаруа емес. Мен бұл мәселені жеткіземін. Уайымдамаңыздар, күзге дейін жасап береміз. Тиісті мамандар мен істейтін жұмысшыларға айтамын. Міндетті түрде келіп мына пандусқа темір немесе аллюминий табан орнататын боламыз, - деді Өскемен қаласы әкімінің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетов.