Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +14°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ойын алаңы қираған, футбол алаңы қоқысқа толған

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қарамағындағы әр салаға жауапты мамандарды ертіп, телеарна, газет және сайт тілшілерін шақырып, Көкжал Барақ 24, 24/1, 24/2, 24/3, 22/1, 22 мекенжайындағы тұрғын үйлердің ауласын аралап қайтты

Қазіргі таңда Көкжал Барақ көшесіндегі 22/1 үйдің ауласында балаларға арналған ойын алаңы салынып жатыр. Шаһар басшысы құрылыс жұмыстарының жүргізілуін қадағалады. Ал 24/1, 24/2, 24/3 нөмірлі үш тұрғын үйдің ортасына футбол қорабы мен ойын алаңы былтыр ғана салынған болатын. Бүгінгі таңда аяқдоп алаңының іші бөтелке мен қағаздарға толған, тақтайлары жұлынған және бүлдіршіндер отыратын орындықтар сынып-қираған. Осыған қатысты Жақсылық Мұқашұлы №19 мөлтек ауданның Жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің басшысы Рустам Шайырғазыұлына ескерту жасады.
- Ойын алаңын, футбол қорабын ылтыр ғана су жаңа күйінде орнаттық. Пайдалануға берілгеніне әлі толық бір жыл да болған жоқ. Бірақ әлден тозығы жетіп қирап жатыр. Осымен КСК айналысуы керек қой. Осы олқылықты тез ретке келтіруді тапсырамын, - деді қала басшысы.
Жақсылық Омар қоқыс шашып, балаларға ауланы ластауға жол беріп қойған ата-аналарға да назын білдірді.
- Бүкіл Кішітауда дәл осындай бірнеше аула бар. Өздеріңіз тұратын үйдің ауласын өздеріңіз ретке келтіріп, сенбіліктер ұйымдастыруларыңыз керек қой. Балаларға ата-аналар өздері үлгі болып, үйрету керек, оларды дұрыс тәрбиелеу керек. Балаларға деген барлық қажеттілігі бар мұндай аула қаланың кез келген жерінде жоқ. Енді алдағы 10 жылда бұл жерге ештеңе салынбайды. Қолда барда алтынның қадірін білген жөн, - деп түйіндеді шаһар басшысы.

Следующая →