Усть-Каменогорск
ясно
-7°
  • Усть-Каменогорск
    -7°
  • Алматы
    +8°
  • Нур-Султан (Астана)
    +1°
  • Актобе
    +2°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +6°
  • Караганда
    +2°
  • Кокшетау
    -4°
  • Костанай
    +2°
  • Кызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +6°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
495.2
-2.06
522.34
-2.87
¥
68.34
-0.35
4.94
-0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

№45 мектепті жөндеуге 44 миллион теңге бөлінген

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар №19 ықшам ауданды аралады. Сәтпаев көшесінің басында орналасқан № 45 орта білім беру мекемесінің айналасындағы жолдың жөндеу жұмыстарының барысын бақылады

Мектептің маңайын шолып шыққаннан кейін Жақсылық Мұқашұлы жаңаша болып өзгерген спортзалды көру үшін ғимаратың ішіне беттеді. Спортзалдың еденін аяғымен басып, қолымен шертіп көрген әкім бірінші қабатқа түсіп, қабырғадағы ақпарат тақтасына көз жүгіртті. Оқушылардың үлгерімі қалай екенін, білім деңгейін, мектепке тағы да не қажет екенін сұрады.
- Мектептің спортзалы жөнделді, терезелері жаңа. Жылу жүйелері ақаусыз жұмыс істеп тұр. Тағы да жаяу жүргіншілер жүретін тротуарлар салатын боламыз. Көлік жолдары әне, жөнделіп жатыр. Сіздерге биыл 44 миллион теңге бөлінді. Сіздер соны орынды жұмсаңыздар. 5 миллионды есік, 4 миллионды кабинет, 3 миллионды баспалдақ жөндеуге бөліп тастағанша, ең маңызды шаруаны бірінші аяқтаңыздар. Мысалы, мектептің сыртқы қасбеті, ол екінші кезектегі мәселе. Ең алдымен ішкі жұмыстарды бітіру керек, - деді қала әкімі Жақсылық Мұқашұлы.

Следующая →