Семейдегі тарихи-мәдени нысандарды қалпына келтіреді
Cемей қаласы әкімдігінде тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау және білім беру мекемелеріндегі материалдық-техникалық базаны жаңарту мәселелері қаралды
Жалпы Семей қаласында 67 тарихи-мәдени ескерткіш тіркелген. Оның 10-ы республикалық, 5-еуі жергілікті маңызы бар нысан.
Следующая →
- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, облыстық деңгейде 2021-2025 жылдарға арналған Семей қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтап қалуға бағытталған Жол картасы әзірленді, - дейді аудан әкімі Бақытжан Байахметов. - Соңғы кездері бұрынғы әйелдер гимназиясының ғимараты (Зоовет), Найманбаев көшесіндегі 187 және 116 мекенжайында орналасқан ғимараттарға қатысты мәселелер қоғамда қызу талқыланғаны белгілі. Біз қаламыздың тарихын сақтап, тарихи ғимараттарды қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстарды жүргізуіміз қажет.Семей қаласы тарихи орталық болып жарияланғандықтан қаланың тарихи-сәулеттік келбетін сақтау аса маңызды міндеттердің бірі және бұл мәселе мұқият қарауды қажет ететіні айқын.
- Мен қаламыздың барлық тарихи-мәдени орындарын аралап, олардың жағдайымен жеке танысатын боламын, - деді шаһар басшысы.Мәселен, 19-ғасырдың бірінші жартысында шебер Габдулла Эфенди салған бір мұнаралы мешіт ерекше назар аударуды және тиісті жөндеуді қажет етеді. Құжат рәсімдерін аяқтау, балансқа бекіту және жөндеу жұмыстары бойынша бірқатар мәселелер бар көрінеді.
- Бейжай қалдырмайтын ғимарат - орталық телеграф, - дейді Бақытжан Кәкенқажыұлы. - Ол апаттық жағдайда және сарапшылардың қатысуымен байыпты зерттеуді қажет етеді. Сондай-ақ, Найманбаев көшесі, 187 мекенжайы да ерекше назарда. Ғимарат қабырғасының бір бөлігінің бұзылуы қала тұрғындары арасында үлкен резонанс тудырды. Жақында оған сәулет ескерткіші мәртебесі берілді. Ғимарат 1840 жылдары салынғанымен тиісті жөндеу жұмыстары арқылы бұл сәулет өнері әлі де адамдарға қызмет ететіні анық.Айта кету керек, Семейде көптеген әдемі ескі ғимараттар сақталған. Өкінішке орай, ғимарат иелерінің барлығы ескерткіштерді қорғау жөніндегі заңнаманы сақтамайды.
- Біз Қазақстанның тарихи орталығы болашақта дамып және күнделікті проблемаларды шешіп қана қоймай, қаламызда атақты ата-бабаларымыздың бізге берген ерекше рухы сақталуы үшін бар күшімізді салуымыз керек, - дейді қала басшысы.